06
октябрь
2023
Алғыс хат
Ұстаз деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер «Ана тәрбиесін көрген» деген сөздермен ұштасып жатады. Ұрпақ тәрбиесі- ұстазға байланысты. Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді. Мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Абишева Жанат Рахымовнаны аудан әкімі “Ұстаздар күні” кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтап , жас ұрпақтарға білім мен тәрбие беру жолындағы ұстаздық адал еңбегі үшін АЛҒЫС білдірді !