Мектеп директоры » Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-46-39
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-46-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2023

Мектеп директоры

Муратова Гульжамал Алметқызы


Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 

жалпы орта білім беретін мектебінің директоры

___________________________

«Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп һәм сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім» - деп Ахмет Байтұрсынұлы бекер айтпаса керек. 

Ұстаз... Міне, осы бір ғана сөздің астарына үңіліп, мән – мағынасына терей бойласаң көп қатпарлы, иірімі мол тереңге сүңгуімізге тура келеді. Себебі, ұстаз тамшы секілді табиғаттың кәусар суындай терең теңізге тамшылай құйып, талай таланттың білім жолында шарықтауына себепкер болады. Тарыдай болып кіретін әрбір бүлдіршінді таудай азамат етіп тәрбиелеу тек ұстаздың ғана қолынан келетін іс.

«Ұстаз қолында ұлт тағдыры тұр», - десек артық айтқандық емес, ұстаз бір ғана баланы емес, бүтін бір халықты оқытады, тәрбиелейді. Ұстаз білім берумен қатар елдің тарихы мен әдет-ғұрпын, әдебиеті мен мәдениетін келешек ұрпаққа үйретіп, оқушы бойында патриоттық сезімнің қалыптасуына ықпал етеді. Мұғалім - мамандық болса, ұстаздық қасиет, табиғат дарытқан құдірет екен. Бойыңа қуат, жүрегіңе жарық жігер беріп өрге сүйрейтін де, жаныңа азық, өміріңе өзек боп төрге сүйрейтін де осы ұстаздық қасиет. Бүкіл ұстаздар қауымын әр баланың жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады. 

Бұл мақалада көптеген шәкірттерінің көңіліне жол таба білген, әріптестерінің ыстық ықыласына бөленіп жүрген ұлағатты ұстаз Муратова Гульжамал Алметовнаның өнегелі еңбек жолын тілге тиек етеміз. Саналы ғұмырын салауатты ұрпаққа сапалы білім беруге арнаған тәжірибелі ұстаз, білікті басшы өз ісіне қашанда жауапкершілікпен қарап, бастаған ісін тиянақсыз қалдырмайды. Ол 1973 жылы 29 қаңтарда Меркі ауданы Ақтоған ауылында  аулында дүниеге келген. 1990 жылы Меркі ауданына қарасты Ақтоған ауылындағы №4 мектебін  бітірген. Арман қуып, өзінің жүрек қалауымен 1990 жылдан Алматы қаласы Қыздар педагогикалық институтында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі   мамандығын оқып шығып, 1995 жылы тәмәмдаған. 

1995 жылдың қыркүйек айында Меркі ауданы Сыпатай ауылының №16 негізгі орта мектебіне қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналасады. «Үздік жас маман» байқауының жеңімпазы атанады. 2003 жылдан 2006 жылға дейін директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарса, 2006 жылдан 2014 жылға дейін директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. 2014 жылдың шілде айында №16 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры қызметіне тағайындалды, яғни қазіргі уақытқа дейін. Білім беру саласының үздік маманы, білікті де тәжірибелі ұстаз, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гульжамал Алметовна талай белестерді бағындырып, көптеген нәтижелерге қол жеткізді. Қазіргі таңда Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімі «Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқарады. Шәкірттері қалалық, республикалық, халықаралық деңгейдегі түрлі олимпиадалар мен сайыстардың жеңімпазы атанып жүр. Өз тәжірибесінде жаңа технология мен жаңашыл модульдерді қолдану арқылы оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәніне деген қызығушылықтарын арттырып отырады. Үнемі жаңа ақпараттық қорларды өз пәнін жүргізуде тиімді қолдана алады. Әрбір сабағы бір - бірінен шығармашылығымен, педагогикалық стратегиялар, ізденушілігімен ерекшеленіп отырады. Оқушылары да бірізділікке, жүйелілікке үйренген. Сабақтарында жаңашыл педагогикалық әдіс-тәсілдерді еркін және кеңінен қолданады. Жыл сайын кәсіби сайыстарға қатысып, жақсы көрсеткіштерге ие болады. Атап айтатын болсам: 

Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік  дамуы жолында   қол жеткен  табыстары  және   оның  гүлденуіне қосқан үлесі үшін  Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің  құрмет грамотасы;

-   «Үздік ауыл мектебі» сертификат;

- Аудандық «ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН ҮЗДІК ҰЙЫМ» байқауында оқыту мен тәрбиелеуде мектептің білім беру жүйесін дамытудағы үлесі үшін ІІ дәрежелі диплом; 

-   Педагогикалық  шеберлік орталығының  Алматы қаласы филиалы Қазақстан Республикасы жалпы білім беру  ұйымдары  басшыларының   біліктілігін  арттыру бағдарламасы  бойынша  сертификат;

-   Жалпы білім беру  ұйымының қызмеін  ұйымдастырудағы  озық тәжірибесі мен шығармашылық шеберлігі үшін  аудандық «Табысты менеджер – 2019» байқауында ІІ орын диплом;

-        Облыстық «Үздік директор» байқауының  ІІІ дәрежелі диплом жеңімпазы;

-        «ӨРЛЕУ ҚАЗАҚСТАН» қоғамдық қорының  ұйымдастыруымен  жас мамандар арасында өткен  «Үздік жас маман - 2020» форумына  мамандар дайындағаны үшін алғыс хат;

-        Қазақстан Республикасының мемлекетік рәміздерінің 26 жылдығына арналған «Азаматшылдық және отаншылдық Қазақстандық білім берудің басымдықтары» республикалық байқауының «Балаларды, оқушыларды, жастарды  тәрбиелеуде   азаматтық-патриоттық және рухани-адамгершілік білім беру саласындағы  кәсіби шеберлігі» номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі диплом;

-        «Жамбыл облысы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай құрмет грамотасы;

-        «Nur Otan» партиясы Қазақстан Республикасының  «Тәуелсіздік күні» ұлттық мерекесіне орай алғыс хат;

-        16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Меркі ауданы әкімінің   құрмет грамотасы;

-        Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай Меркі ауданы әкімінің алғыс хаты;

-        Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай  Ақарал ауылдық округі әкімінің алғыс хаты;

-  Республика күні мерекесіне орай  «AMANAT» партиясының  төрағасының Құрмет грамотасы; 

- Облыстық  «Парасатты басшы - 2022» байқауының ІІІ дәрежелі диплом;

Мұғалім үздіксіз ізденіс үстінде болғанда ғана оның мұғалімдік шеберлігі шыңдалып, жақсы нәтижелерге қол жеткізеді. Гульжамал Алметовна да қажырлы қайраты мен тынымсыз еңбегінің арқасында көптеген белестерді бағындыра білген білікті маман, өз ісінің хас шебері десем де болады. Мектепте көшбасшылық атқаруымен қатар, әр түрлі өзекті тақырыпта коучинг сабақтар өткізіп отырады. Мектеп басшысы ретінде ұжымды алға жетелеп, мектебін алдыңғы қатардан көрсетуге бар күш - жігерін салып жүрген маман. Пән мұғалімі ретінде де жетістіктері аз емес. 

Ойымды қорыта келе айтарым, уақыт ағысына сай сапалы біліммен қаруланған ой - өрісі жоғары, жан-жақты дамыған мұғалім болу - заман талабы. Сондықтан да бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге білікті маман, өз ісінің шебері қажет. Шебер педагог білімді, тәжірибесі мол, жан-жақты бола отырып, оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында білім мен тәрбиені ұштастыра алады. Осындай нағыз мұғалімге тән қасиеттерді Гульжамал Алметовнаның бойынан да табуға болады.

Пайымды парасат пен тәлімді тәрбие иесі Гульжамал Алметовна кемел ұрпақ келешегінің келістілігі жолындағы ұзақ жылдардағы ұстаздық ұлағатына, қоғамымызға сіңірген санамалау мүмкін болмастай сан салалы салиқалы, өнегелі де өміршең, тындырымды да тиянақты істеріне орай жасаған жұмыстарының нәтижесі де аз емес. Кез - келген талапты оқушыны білімнің асқар биігіне шығаратын тек қана білімді ұстаз екендігі даусыз. Мұғалім ең алдымен оқушыларды сапалы біліммен қаруландырып қана қоймай қоғамдық өмірге де тәрбиелей отырып, олардың жүрегінен жол тауып өшпес із қалдырады. Міне, осындай асыл қасиеттер де білікті басшымыздың бойынан табылады.  Орайын тауып ойландыруға үйрету, мұғалімнің жан - дүниесін, ішкі құрылымдарын жаңа деңгейге көтеріп, келбетін кескіндейтіндігіне дау жоқ. Талантын таңдауға, шығармашылығын шыңдауға үйренген ұстаздың қоғамға берері де мол болмақ. 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив