17
октябрь
2023
Кәмелетке жасы толмағандармен жұмыс
М.Жылысбаев атындағы #14 жалпы орта білім беретін мектебінде 2023 жылдың 16 қазан күні 2023-2024 жылының I-тоқсанының негізгі жұмыс жоспарына сәйкес, Меркі ауданының білім бөлімінің білім беру мекемелерінде ағымдағы жылдың қыркүйек айында кәмелетке жасы толмағандармен және оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын-алу мақсатында жоғарғы сынып оқушыларымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында АПБ ӘПБ бастығы Байтемиров Бейбіт оқушыларға жол ережесін бұзушылықтың және электр көлік құралдарын басқару барысында жол апаттарының көп орын алып жатқанын, осындай құқық бұзушылықты болдырмау үшін оқушыларға әкімшілік хаттама толтырылатыны туралы атап көрсетті.Сонымен қатар қазіргі кездегі құқықбұзушылықтың түрлерінің көбею себебтері және оның алдын алу бойынша қандай әрекеттер жасау керектігі туралы толық ақпарат беріп өтті. Қазіргі жаңа Қазақстанның болашағы осы жастар екені және ол жастар дені сау мәдениетті,оқыған болуы керек деп толықтырды.ЖПҚб ЮПТ полиция капитаны Оспанбеков Ерболат Ашимбекович пен ЖПҚб УПИ полиция капитаны Алимбеков Айдос Болатбекович оқушылардың мектепке қымбат ұялы смартфон телефондарын алып келуін бақылауға алып,пәндерге керек кезде ғана пайдалануды ұсынды. Себебі қымбат ұялы телефон жоғалған кезде құқық бұзушылық анықтаып,қылмыстық іс қозғалатыны айтылды.Оқушылардың мезгілсіз уақытта тиым салынған орыдарда жүруі және тойханаларда жұмыс істеуі әкімшілік хаттама толтырылып,ата-аналарына айыппұл салынатыны туралы түсіндіріп өтті.