Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың және түнгі беймезгіл уақытта көшеде жүруінің алдын алу
М.Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебі
Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша ата-аналар жиналысының
Хаттамасы №
« » қыркүйек 2023ж М Жылысбаев атындағы
№14 жоббм
Қатысқаны: 52 ата-ана
Күн тәртібінде:
1. Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың және түнгі беймезгіл уақытта көшеде жүруінің алдын алу Меркі АПБ ЖПҚб ЮПТ УПИ полиция
капитаны Е.Оспанбеков
2. Жасөспірімдер арасында кибербуллинг пен буллингтің алдын алу
Меркі АПБ ЖПҚб УПИ полиция
капитаны А.Акылжанов
3. Жол ережесі мен білім алушылардың өмір қауіпсіздігі
Меркі АПБ ӘПБ бастығы полиция
майоры Б.Байтемиров
Тыңдалды:
Бірінші мәселе бойынша Меркі АПБ ЖПҚб ЮПТ УПИ полиция капитаны Е.Оспанбеков сөз алып «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу» тақырыбында ата-аналар арасында дәріс оқып, түсіндірме жұмысын жүргізді. Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу және де құқық бұзушылықпен күресуде мектеп инспекторы аптасына бір рет мектеп оқушыларымен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Егер кәмелетке толмағандар арасында қылмыс тіркелген жағдайда, аса ауыр қылмыс-14 жастан, әкімшілік жауапкершілік -16 жастан басталатынын және де біреудің ашық түрде затын тартып алу 191 бабымен, ұрып-соғу, пышақпен яғни заңға қайшы заттармен қорқыту 192 бабымен, қорқытып ақшасын бопсалау 194 бабымен жазаланатындығын айтып өтті. Мектепте жалпы оқушы саны 556 болса, оның 342 әртурлі үйірмелерге тартылып отыр. Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу, ата-ананың қадағалауынсыз қаңғыбастыққа салынып жүрген білім алушыларды анықтау мақсатында жыл басында мектепте рейд мүшелері құрылған. Рейд мүшелері мен мектеп инспекторы аптасына бір рет ауылдың көшелері мен дүкендеріне түнгі және күндізгі рейд жүргізеді.-деп айтып өтті. Сонымен қоса жасөспірімдер түнгі мезгілде көшеде жүруге болмайтындығын және күндізгі уақытта көңіл көтеретін орындарда сыныптастарымен туған күн тойлауға болмайтындығы ескертілді.
Екінші мәселе бойынша Меркі АПБ ЖПҚб УПИ полиция капитаны А.Акылжанов «Жасөспірімдер арасында кибербуллинг пен буллингтің алдын алу» тақырыбында дәріс оқып, ата-аналарға кибербуллинг пен буллинг туралы ақпарат беріп өтті. Кибербуллинг – адамды интернетте, әлеуметтік желі мен түрлі мессенджерлерде қорқытып, зорлық көрсету. Кибербуллингке кез-келген адам тап болуы мүмкін. Бірақ бұл тәсілмен шабуыл жасайтындар негізінен кәмелет жасына толмаған мектеп оқушыларын нысанаға алады. Өйткені, қорғансыз балалар қорыққанынан өзіне қысым жасалып жатқаны туралы ешкімге айтпайды. Тіпті ата-анасы мен жақындарына тіс жармай, шабуылшының айтқанынан шықпайтындығын айтып өтті. Ғаламтордағы қауіп-қатермен күресте ата-ананың рөлі маңызды. Олар баланың қауіпсіздігіне ең бірінші кезекте жауапты адамдар болуы тиіс дейді мамандар. Сондықтан, ата-аналарға балаларына интернеттегі қауіп туралы айтып, мінезіндегі кез-келген өзгерісті бақылау ұсынылды.Түсіндірме барысында ата –аналарға сұрақтар қойып, өз ойларын ортаға салды.
Үшінші мәселе бойынша Меркі АПБ ӘПБ бастығы полиция майоры Б.Байтемиров сөз алып Жол ережесі мен білім алушылардың өмір қауіпсіздігі тақырыбында ата аналарға түсіндірме жұмысын жүргізді. Жасөспірімдердің жолда жүру ережесін сақтауы, балалардың жол қауіпсіздігінің алдын алу мәселелері жөнінде айтып өтті. Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 615 бабының 1 бөлігіне сәйкес жол ережесін сақтамаған жасөспірімдерге 16 жастан бастан әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығы және айыппұл салынатындығы туралы ескертіп өтті. Сонымен қосы қазіргі таңда кәмелетке толмаған білім алушылардың электр скутерлер мен электр көлік құралдарын жол бойында айдап жүруге болмайтындығы туралы айтып, 127, 640, 620 – баптармен таныстырып, айдаған жағдайда ата-ана тарапына хаттама толтырылатындығы туралы айтып өтті. Сондықтан отбасы, мектеп болып бұл мәселені бірге шешуіміз керек деп айтып өтті.
Шешімі:
1. Оқушылар арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын-алу жұмыстары мектеп пен отбасы арасында тығыз байланыста жүргізілсін.
2., түнгі беймезгіл уақытта көшеде жүруінің және алдын алу ата-аналар тарапынан білім алушыларға ескертіліп, қатаң бақылауға алынсын.
3.Жасөспірім құқық бұзушылық пен қылмыс жасаған жағдайда ата-анасына айыппұл төленетіндігі және ата-ана жауапқа тартылатындығы ескерілсін.
4. Балалардың өмір қауіпсіздігі, кешкі мезгілде баланың қаңғыбастыққа салынуының алдын-алу отбасы тәрбиесінде қатаң қадағалансын. Оқушы жастардың түнгі сағат 2100-ден кейін көшеде қаңғыбастыққа салынуының алдын алу рейд жұмыстары ата-аналармен бірлесе отырып жүргізілсін.
5.Оқушылардың арасындағы қылмыстың алдын алу профилактикасынның жұмыстары үздіксіз жүргізілсін.
6.Оқушылардың жол қауіпсіздігі ережесін сақтауы ескеріліп, электро скутерлер мен электромопедтер айдауға болмайтындығы ата-аналар тарапынан назарға алынсын.
ДҚТЖО: Т.Ж.Тленчиева ___________
Хатшы:_____________