«Баланың бас ұстазы – ата - ана» тақырыбында сабақ өткізілді. » Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-46-39
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-46-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Баланың бас ұстазы – ата - ана» тақырыбында сабақ өткізілді.
17
октябрь
2023

«Баланың бас ұстазы – ата - ана» тақырыбында сабақ өткізілді.

Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебінде 2023 жылдың 17 қазан күні  мектеп директоры Муратова Гульжамал Алметовнаның ұйымдастыруымен «Ата – аналарды педагогикалық қолдау орталығының қызметін білім беру ұйымының қажеттілігі негізінде жоспарлау» негізінде ата – аналарды қолдау орталығына арналған 5-9 сынып ата-аналарымен  «Баланың бас ұстазы – ата - ана» тақырыбында сабақ өткізілді.

 Сабақтың мазмұны: балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша мектептің ата – аналармен қарым  - қатынасын күшейту, сондай – ақ берекелі отбасы мәдениетін дамыту. «Бүгінгі мектеп партасындағы оқушы – ертеңгі ел болашағы» - деп Президент айтқандай, бүгінгі таңда жас ұрпақ тәрбиесіне айрықша назар аударылуда.Бүгінгі күні ұрпақ тәрбиесі үшін мектеп, ата-ана және қоғамның алар орны зор. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген халқымыздың ұлағатты сөзіне құлақ түрсек, жасөспірімнің тұлға ретінде қалыптасуы ең біріншіден ата-анаға байланысты болады. Сондықтан, бала тәрбиесі жайында сөз еткенде, бар жауапкершілік алдымен ата-анаға жүктелетіні шындық. Ата-ана – бала тәрбиесіндегі негізгі тұлға. ҚР-ның «Білім туралы» Заңында: «Ата-аналар-алғашқы педагогтар» деп жазылған.  Олар баланың мінез-құлқына, жан дүниесіне терең үңіліп, отбасындағы бірлік пен тыныштықты сақтаулары қажет. Әр бала дүниеге келген сәтінен бастап, ес біліп, ер жеткенге дейін ата-анасынан үлгі алады. Олардан жақсы мен жамандықты, мейірімділік пен қатыгездікті үйренеді. Алайда, бала тәрбиесіне мектеп пен мұғалім де аса жауапкершілікпен қарауы тиіс. Ең бастысы, ата-аналар білім беру мекемелерімен тығыз қарым-қатынаста болуы шарт. Мектептерде екі жақтың бірігуімен балалар тәрбиесіне бағытталған шаралар көптеп ұйымдастырылғаны жөн. 



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив