«Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» кездесу » Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-46-39
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-46-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
ноябрь
2023

«Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» кездесу

«Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» кездесу
М.Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебінде 14 қараша күні  8-11 сынып оқушыларымен ЖПҚб ЮПТ полиция капитаны Оспанбеков Ерболат Ашимбекович пен Меркы АПБ КПБ жедел уәкілі полиция майоры Д. Итжанов,  ЖПҚб  УПИ полиция капитаны Алимбеков Айдос Болатбековичпен  «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!»  тақырыбында кездесу өтті. Кездесудің мақсаты: оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту, түсіндіру . Кездесуге  63 оқушы қатысты. Кездесу барысында оқушыларға зорлық-зомбылық түрлері, оның салдары мен тартылатын жаза түрлеріне тоқталып өтті.  
Зорлық-зомбылық түрлеріне :
1. Психологиялық зорлық-зомбылық – балаға назар аудармау, кері итеру, бақылау, баланы қорқытуға, үрей сезімін тудыруға, баланың мінезіне ықпал етуге,оның өзін-өзі құрметтеу, өз бағасын білу сезімін жоюға, әлеуметтік және эмоционалдық дамуы мен жақсы өмір сүруіне кедергі келтіруге бағытталған қасақана жасалатын вербалды және іс-әрекеттік қимылдар схемасын қамтиды.
2. Физикалық зорлық-зомбылық – балаға қатысты өзге баланың не ересектің тарапынан физикалық зардапқа не жарақатқа әкелетін, баланың денсаулығына, оның өмірінің ұзақтығына, дамуына, өзін-өзі бағалау сезіміне нұқсан келтіруі мүмкін физикалық күш көрсету арқылы жасалатын әрекеттер. Физикалық зорлық-зомбылық ретінде бағаланатын іс-әрекеттің түрлері көп: соққы, ұру, итеру, тебу, тұншықтыру, шаштан тарту, сілкілеу, қандай да бір затпен не қарумен шабуыл жасау. 
3. Бопсалау – балаға зорлық не тән жарақатын салу қаупін қосқанда, қысым жасау не мәжбүрлеу арқылы заңсыз ақша мен мүлік талап ету және алу түрінде көрінетін қылмыс.
5. Кибербуллинг – баланың қыр соңына түсу, қорқыту, ұялту мақсатында Интернетті не басқа технологияларды пайдалану. Дөрекі, қатыгез сипаттағы мәтіндік хабарламалар жіберу; жәбірленушіні онлайн режімінде мазақ ету не жеке басына тән ақпаратты, фотоны не бейнежазбаны орналастыру; басқа баланың қыр соңына түсу не мазақ ету мақсатында жалған тіркеу жазбасын, веб-парақшаны не онлайн режімінде бейне жасау сияқты әрекет түрлерін қамтиды.
6. Кемсітушілік – баланың жынысына, ұлтына, ұлыстық мәртебесіне, әлеуметтік-экономикалық жағдайына, дініне не мүгедектігіне негізделген әділетсіз не бөліп-жару қарым-қатынасы. Сондай-ақ тебу, сілкілеу, баланы итеру, тырнау, шымшу, шашынан тарту не құлағынан жұлқылау, балаларды қолайсыз жағдайда ұстау, күйдіру, буға шалдыру, мәжбүрлеп жұтқызу (мысалы, баланың аузын сабынмен жуу не ащы дәмдеуіштерді жұтуға мәжбүрлеу) де қамтыладығына тоқталып өтті.



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив