27
ноябрь
2023
«Тегін білген текті елдің ұрпағымыз!»
М.Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебінде 15-20 қараша аралығында «Дүниежүзілік балаларды қорғау күні: балаларға арналған өмір» атты республикалық онкүндік өтуде. Осы онкүндік аясында «Тегін білген текті елдің ұрпағымыз!» атты этно-ұлттық сайыс ұйымдастырылды. Сайыс барысында топтар өз ұлттарын таныстырып, өз ұлттарының өнерін, салт-дәстүрін, қолөнерін көрсетіп өтті. Сонымен қоса сұрақтарға жауап беріп, мақал-мәтелдің жалғасын тауып, сайысқа белсене атсалысты. Сайыс соңында жеңімпаз топтар мақтау қағаздарымен мараптталды.