27
ноябрь
2023
«Бақытты бала- бейбіт елдің тірегі»
Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебінде «Дүниежүзілік балаларды қорғау күні: балаларға арналған өмір» атты республикалық онкүндіктің аясында 23 қараша күні «Бақытты бала- бейбіт елдің тірегі» тақырыбында мектептің әлеуметтік педагогтары Н.Таутенова мен А.Утеулиева көп балалы аналармен кездесу ұйымдастырды. Кездесудің мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.