25
декабрь
2023
Жемқорлық тәуекелдерін болдырмау
Бүгін, 25.12 күні мектебімізде аудандық хатты басшылыққа ала отырып, мектеп қызметкерлеріне жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында кезектен тыс түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мектеп басшысы Г.А.Муратовна хатпен таныстыра отырып, "Жаңа жыл" мерекелік іс-шаралар өткізу барысында заңсыз қаржы жинауға, безендіруге, жаңа жылдық киім алуға, сыйлық жасауға, дастарқан жаюға, тыйым салынатындығын қатаң ескертті. Заң алдында ақшалай, не заттай сыйлықты беріп жатқан да,оны алған тұлға да жауапты екендігін ескертті. Сондықтан тәртіпті бұзбауға, қолайсыз жағдайға қалмауға шақырды. Сонымен бірге, жаңа жыл мерекесіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертті. Өрттің болмауын, оқушылардың қызығып жарылғыш заттарды қолданбауын да айтып өтті. Ата-аналарға да сынып жетекшілер тарапынан ескерту керектігін жеткізді.