24
январь
2024
Аудандық әдістемелік кеңес отырысы өтті.
2024 жылдың 24 қаңтар күні А.Тұрғымбаев атындағы №7 мектеп базасында аудандық әдістемелік кеңес отырысы өтті. Осы отырысқа ДҒӘЖЖО Х.Әсімқұл қатысып келіп, әдістемелік кеңес отырысында қаралған мәселелер бойынша мектеп ұжымымен оқыту семинарын өткізді. Атап айтқанда білім алушылардың білім сапасын арттыру жолдары; күнделік жүйесіндегі қателіктерді жібермеу, күнделікті дұрыс толтыру; ББЖМ-нің пәндік тест тапсырмаларының дұрыс жасалуына назар аудару керектігі айтылып,түсіндірілді.