Уақытша бос лауазымға конкурс
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданы білім бөлімі «Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тұрақты бос орынға конкурс жариялайды. Мекеменің мекен-жайы:Жамбыл облысы. Меркі ауданы. Қостоған ауылы, Б.Тойлыбаев көшесі №1. Анықтама байланыс номері: 87263244639. Электрондық пошта: merke-om14@yandex.kz
Лауазымдық міндеттері: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартарына сәйкес оқытылатын пән ерекшелігін ескере отырып оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады.Білім алушылардың жеке қабілеттерін ашуға және дамытуға, тұлғаның әлеуметтенуі мен жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Оқытудың әр түрлі нысандарын, тәсілдерін, әдістерін қолданады. Пәннің күнделікті қысқа мерзімді жоспарларын құрады. Оқыту процесіне инновациялық, ақпараттық технологияларды ендіруді қамтамасыз етеді. Білім алушыларды мемлекетік білім беру стандартында қарастырылған білім, білік және дағдылармен қамтамасыз етеді. Білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және дайындауға қатысады, оны оқу жоспары мен оқу үрдісі кестесіне сәйкес іске асырылуын қамтамасыз етеді. Электронды журналды толтырады.
Практиканың жетістіктерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын сақтайды. Әдістемелік бірлестіктердің және әдістемелік кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырысына қатысады.
Білуге міндетті:Қазақстан Республикасының Конституциясын, Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика және психология негіздерін, пәнді оқыту әдістемесін, тәрбие жұмысын, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, үлгілік оқу бағдарламаларын, үлгілік оқу жоспарларын. Лауазымы:
Математика пәні мұғалімі.Уақытша бос лауазымға апталық 15 сағат жүктеме. Айлық жалақысы:180000-200000 тг Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптар: пән бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейнгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе қайта даярлаудан өткенін растайтын құжат, конкурсқа қатысу үшін қажеті құжаттар тізбесіне сәйкес, педагогикалық еңбек өтілі бар үміткер үшін педагог-модератордың, педагог-сарапшының, бола тұра біліктілік санаты болмаған жағдайда және жоғары оқу орны мен кәсіптік оқу орнын бітірген жас мамандар үшін «Педагог» санаты бойынша Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты болуы міндетті.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:2025жылғы 14-22 қаңтар аралығында.
Құжаттарды қарау және конкурсты өткізу: 2025 жылғы 23-29 қаңтар аралығында.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының» 3-тарау, 153 тармағына сәйкес жүргізіледі.
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген-бар болса);
4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса); 6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы ҚР ДСМ №-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекетік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама. 7) Психикалық, мінез-құлықтық бұзушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтам;
8) Наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан босатылады.
12) осы қағидаларға 17,18-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
13) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
154- тармаққа сәйкес Кандидат, болған жағдайда, біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне (білікітілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері) ақпарат ұсынады.
Мектеп әкімшілігі.