Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданы білім бөлімі «Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бос орындарға конкурс жариялайды.
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданы білім бөлімі «Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бос орындарға конкурс жариялайды.
Мекеменің мекен-жайы: Жамбыл облысы. Меркі ауданы. Қостоған ауылы, Б.Тойлыбаев көшесі №1. Анықтама байланыс номері: 87263244639. Электрондық пошта: merke-om14@yandex.kz
Конкурстық құжаттар Жамбыл облысы Меркі ауданы Қостоған ауылы, Б. Тойлыбаев көшесі №1 мекен жайында орналасқан «Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы білім беретін мектебі» КММ қабылдау бөлімінде қабылданады.
Лауазымдық міндеттері: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартарына сәйкес оқытылатын пән ерекшелігін ескере отырып оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады. Білім алушылардың жеке қабілеттерін ашуға және дамытуға, тұлғаның әлеуметтенуі мен жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Оқытудың әр түрлі нысандарын, тәсілдерін, әдістерін қолданады. Пәннің күнделікті қысқа мерзімді жоспарларын құрады. Оқыту процесіне инновациялық, ақпараттық технологияларды ендіруді қамтамасыз етеді. Білім алушыларды мемлекетік білім беру стандартында қарастырылған білім, білік және дағдылармен қамтамасыз етеді. Білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және дайындауға қатысады, оны оқу жоспары мен оқу үрдісі кестесіне сәйкес іске асырылуын қамтамасыз етеді. Электронды журналды толтырады.
Практиканың жетістіктерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын сақтайды. Әдістемелік бірлестіктердің және әдістемелік кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырысына қатысады.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика және психология негіздерін, пәнді оқыту әдістемесін, тәрбие жұмысын, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, үлгілік оқу бағдарламаларын, үлгілік оқу жоспарларын. Лауазымы:
География пәні
Тұрақты 16 сағат /1-/,бірлік/ Айлық жалақысы:185000-190000 тг тг
Химия пәні
Тұрақты 16 сағат /1- бірлік/ Айлық жалақысы:185000-190000 тг Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптар: пән бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейнгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе қайта даярлаудан өткенін растайтын құжат, конкурсқа қатысу үшін қажеті құжаттар тізбесіне сәйкес, педагогикалық еңбек өтілі бар үміткер үшін педагог-модератордың, педагог-сарапшының, бола тұра біліктілік санаты болмаған жағдайда және жоғары оқу орны мен кәсіптік оқу орнын бітірген жас мамандар үшін «Педагог» санаты бойынша Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты болуы міндетті.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2022 жылдың 18-26 тамыз аралығында.
Құжаттарды қарау және конкурсты өткізу: 2022 жылдың 29 тамызы мен 2022 жылдың 02 қыркүйегі аралығында
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының» 3-тарау, 1-параграфының 107 тармағына сәйкес (19.11.2021 №568 өзгерістермен) жүргізіледі.
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) Кадрларды есепке алу бойынша педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы ҚР ДСМ №-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекетік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама; наркологиялық ұйымнан анықтама; 8) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
9) Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 Бұйрығының 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырған бағалау парағы.
Мектеп әкімшілігі.