Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы білім беретін мектебі ұйымдастырған пікіралмасу туралы анықтама.
«Ерте жүктілікті алдын алу», ерте жүктіліктің зияны және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың алдын алу мақсатында М. Жылысбаев атындағы №14 жалпы білім беретін мектебінде 2018 жылғы 5 желтоқсан күні «Ерте жүктілік және оның жасөспірім қыз балалардың денсаулығына зияны»тақырыбында пікіралмасу ұйымдастырылды.Аталған іс-шараға Жамбыл облысының құрметті ардагері, Меркі ауданының құрметті азаматы, ардагер ұстаз Таттықұлова Қайнаркүл апай, ауылдық емхана дәрігері (гинеколог) Итханова Дәмет апай, Жастар ресурстық орталығы маманы мен АІІБ ЖПҚ ЮПБ-ң полиция капитаны Н. Сахов және 9-11 сынып қыз балалары қатысты. Пікіралмасу барысында оқушыларға Қостоған ауылдық ДА дәрігер Д. Итханова тарапынан профилактикалық кеңестер, ішкі істер бөлімі тарапынан құқықтық кеңестер берілсе, ардагер ұстаз Таттықұлова Қайнаркүл апай қыз баланың тәртібі мен инабаттылығы, қыз бала абыройы, «үлкенге құрмет, кішіге ізет» мәселелері жөнінде көптеген кеңестер берді. Оқушы жастар да, өз ойларын ортаға салып, өздерін толғандырып жүрген мәселелер бойынша сұрақтар қойып, мамандардан қанағаттанарлық жауаптар ала білді.