«Рухани жаңғыру-заманауи тұлғаның дамуының кепілі» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді.
1 қыркүйек барша халықтың дәстүрлі мерекесі! Білім беру мекемелерінің педагогтары мен жетекшілері бүгін, яғни 1 қыркүйек күні білім қабырғаларын аттағалы тұрған оқушылар мен тәрбиеленушілерді қарсы алады, бұл күн тек атаулы мереке ғана емес, бұл біздің еліміздің болашағы тәуелді болған қызу қайнаған, жауапты кезең бастамасы. Дәл осы күннен бастап, алғашқы қоңырау үнімен бірге, әр адам өмірінің жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталады.
Мектеп білімгерлеріне бұл күнің тағлымы,әсері мол екендігін түсіндіру мақсатында: 01.09.2018 жылы М. Жылысбаев атындағы №14 жалпы білім беретін орта мектебінде «Рухани жаңғыру-заманауи тұлғаның дамуының кепілі» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиынға аудандық білім бөлімінің әдіскері Раптаева Сәуле Мұратбекқызы мен ардагер ұстаздар Тәттіқұлова Қ, Жаңатоған ауылдық округінің әкімінің міндетін атқарушы Мамытов Нұржан Арыстанбекұлы, Жаңатоған ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Мамытов Арыстанбек мырза, Ұлағатты зейнеткер ұстаз, Меркі ауданының құрметті азаматы, Жамбыл облысының құрметті ардагері Таттықұлова Қайнаркүл апай сынды қонақтар мен зейнеткер ұстаздарымыз қатысып 1-Қыркүйек білім күніне арналған және де бірінші рет білім табалдырыған аттағалы отырған 1-сынып оқушыларына өздерінің жылы тілектерін білдірді . Аудандық білім бөлімінің әдіскері С.Мұратбекқызы салтанатты жиынға қатысушыларды мерекелерімен құттықтап 1 сыныпқа қабылданушы бүлдіршіндерге сәттілік тіледі.