01
июнь
2017
мерекелік іс-шара
№14 М.Жылысбаев атындағы орта мектебінде 24-25.05.2017 ж «Сыңғырла,соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиын өтті. Қызығы мен қиыншылығы мол,әр оқу жылы қайталанбас тарихқа толы мектептің мерекесі,оқушылардың сыныптан-сыныпқа көшіп,асыға күткен жазғы демалысқа шығарып салатын және мектеп бітіруші-түлектерге бұл салтанатты күннің тағлымы,әсері мол екенін түсіндіру.Болашақта дұрыс жолға түсіп,ата-аналардың еңбектерін ақтап,өзінен кейінгі ұрпаққа үлгі болатынын мақсат ету. Салтанатты жиынға Аудандық білім бөлімінің әдіскері: Бексұлтанова Мадина Болатовна, Ауылдық округ әкімі О. Жантайбеков. Ардагер ұстаздар: Таттықұлова Қайнаркүл әпкей, Тұрлыбай ағай, Шарапат әкпей, 20 жыл бұрын біткен түлектер қатысып сөз сөйледі.