Мерекелік іс-шара
1 қыркүйек - Білім күніне мектеп алаңы салтанатты кештің өтілуіне байланысты әсем безендіріліп, шарлар мен қанатты сөздер ілінді. Салтанатты іс – шараға: Аудандық білім бөлімінің әдіскері Бексултанова Мадина Болатқызы, Жаңатоған ауылдық округінің әкімі: Тәнекеев Бейбіт Тлембайұлы, Жаңатоған ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы: Мамытов Арыстанбек мырза, Ұлағатты зейнеткер ұстаз, Меркі ауданының құрметті азаматшасы: Таттықұлова Қайнаркүл апай сынды қонақтар мен зейнеткер ұстаздарымыз қатысып 1 қыркүйек -Білім күніне арналған және де 1- рет білім табалдырығын аттағалы отырған 1 – сынып оқушыларына өздерінің жылы тілектерін білдірді. Аудандық білім бөлімінің әдіскері М. Болатқызы салтанатты жиынға қатысушыларды ҚР «Конституциясының 22 жылдық мерекесімен құттықтап 1 сыныпқа қабылданушы бүлдіршіндерге сәттілік тіледі. Сонымен бірге «1 сыныпқа бірінші рет» ұранымен мектеп ұжымының ұйымдастыруымен 1 сыныптың 52 оқушысына мектеп құралдары табыс етілді. Биылғы жылы Республикалық «Мектепке жол» акциясына байланысты аз қамтамасыз етілген мектеп оқушыларына көмегін көрсеткен:
1.Мамытов Арыстанбек мырза.
2. Ешетов Сауытбек мырза.
Жиын соңынан барлық сыныптарда білім күніне арналған «Мен- өз Отанымның патриотымын» тақырыбында білім сабақтары өткізілді. Барлық сынып жетекшілер балалардың деңгейіне байланысты «патриот» деген кім, ол қандай адам деген сұраққа анықтама бергізді. Патриот –ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан, салт-дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір қасиетімізді арттыруға үлес қосатын, саналы тұлға екені түсіндірілді. Сонымен бірге мектеп директоры Ж. Мажибаев 11 сынып оқушылармен Мен -өз Отанымның патриотымын! тақырыбында білім сабағын өткізді.