19
декабрь
2024
"Төлеген Айбергенов оқулары" атты аудандық байқаудың жүлдегерлері.
2024 жылдың 19 қараша күні Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының базасында жалпы білім беретін ұйымдардың 5-11 сынып оқушылары арасында республикалық “Төлеген Айбергенов оқулары” байқауының аудандық кезеңі өтті.


1. “Өз ғасырым өзімнің иінімде…” ақын өлеңдерін жатқа айту;
2. ”Барады кең дүние әнге айналып” ақын өлеңдеріне жазылған әндерді ұстаз бен шәкірт болып орындау;
3. ”Жүрегімнің лапылдаған отымен” оқушы ақынға арнаған өз шығармасын оқу;
4. ”Толқиды бір кеудемде кернеген шер” эссе жазу;
5. ”Шын дос болсаң бір келіп сырласып кет” қолөнер мен бейнелеу өнері.
Аталған 5 бағыт бойынша да мектебіміздің оқушылары қатысып, ақынға арнау бағыты бойынша 8 а сынып білім алушысы Сабыралы Инабат- 2-орынға, ән айту бағыты бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мен 9 а сынып білім алушысы Адилетқызы Аэлина - 2-орынға, ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа айту бағыты бойынша 8 ә сынып білім алушысы Тілеубек Айша - 1-орынға ие болып, облысқа жолдама алды. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ибрагимова Кундыз Карамановна. Дарынды оқушымызға алдағы өтетін байқауға сәттілік тілейміз.
