22
август
2022
Жүйріктен жүйрік озар...
Жүйріктен жүйрік озар...
Абай Құнанбаев – қазақтың маңдайына біткен ұлы тұлға. Оның қазақ дегенде қаны мен жаны арқылы өлең жазу шеберлігіне арқа сүйеуінен байқауға болады.
Жалпы ақынның қай өлеңі мен шығармасын алсақ та, ойға түрлі ой салатын, жалпы адамзат баласы үшін рухани азық ететін туындаларының тәрбиелік мәнінің зор екенін айта аламыз. Тамыз айының 14-17 күндері «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Абай облысы, Абай ауданы, «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешенінің базасында жалпы білім беру ұйымдарының 8-11-сынып оқушылары арасында ХХІІІ республикалық «Абай оқуларын» өткізді.
Байқаудың мақсаты – қазақ халқының әдеби мұрасын насихаттау, оқушылардың классикалық қазақ әдебиетін оқуға қызығушылығын арттыру, Абай мен Шәкәрім шығармашылығын насихаттау, оқушылардың эстетикалық талғамын, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұлы ақындардың поэзиясына, рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу дәстүрлі байқаудың негізгі мақсаты болып табылмақ.
Бүгінде Жидебайда өткен республикалық Абай оқулары өз мәресіне жеттті. Биылғы жыр додасына еліміздің түкпір-түкпірінен 126 оқушы қатысты. Дәстүр бойынша ауқымды шараға Республикалық қорытынды кезеңде 120-дан астам дарынды оқушы 6 номинация бойынша қатысып, өз бақтарын сынға түсірді.
Бірінші номинация – «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы – Абай өлеңдерін жатқа оқу конкурсы. (Қазылар алқасы бұл номинацияда оқушы жатқа білетін Абай шығармаларының санына байланысты бағалайды).
1. номинация – «Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша Абайдың қара сөздерін жатқа, мәнерлеп оқу. Бұл номинация бойынша Абайдың қарасөздерін толық білуі бойынша бағаланады.
2. номинация – «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы бойынша Шәкерім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармаларын жатқа оқу. Бұл номинация бойынша шығарма мәтіндерін жатқа, мәнерлеп айтуы, толық білуі бойынша бағаланады.
3. номинация – «Көңілім әнді ұғады» номинациясы – оқушының Абай мен Шәкәрімнің әндері мен күйлерін орындау шеберлігі бағаланады.
4. номинация – «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы –оқушылардың өз шығармалары (поэзиялық) бағаланады.
5. номинация – «Ұлылар әлемі» Абай мен Шәкәрімнің шығармашылығына, рухани болмысына қатысты тақырыпқа (ұсынылған тақырыптардан таңдау) эссе жазу.
Дәстүр бойынша ауқымды шара Жидебайдағы Абай-Шәкәрім мемориалдық кешенінің ашық амфитеатрында өтті.
Биылғы жыр додасына М.Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы Құдайберген Хафиза да қатысып «Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы» номинациясы бойынша Абайдың 200 қара өлеңі мен поэмасын жатқа айтудан бағын сынап, жарыс додасына түсті. Бағы мен бабы қатар шапқан дарынды қыз Меркі ауданын,өзі білім нәрімен сусындап жүрген М.Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебін, облыс атын республика деңгейінде танытып, 1-орынды иеленіп, жетекшісі мен мектеп ұжымын үлкен қуанышқа бөледі. еліміздің түкпір-түкпірінен 126 оқушы қатысқан жыр додасына тыңғылықты дайындықпен барған Хафиза жүзден жүйрік танылып, бас бәйгені қанжығасына байлады.
"Шын білім... әрдайым ақиқат, анық болатын білім.», деген екен ұлы ғұлама Әбу Насыр Әл Фараби Хафизаның әр қадамына сәттілік пен ел абыройын асқақтатар талабың мәңгілік серігің болсын дейміз!