«Шабыт» шығармашылық топ мұғалімдерінің онкүндігі
27.01.2020 күні «Шабыт» шығармашыл топтың жетекшісі:Кикбаева Ақерке «Ұстаз-жас ұрпақтың рухани сәулеткері» атты онкүндіктің салтанатты ашылуын жасады. Салтанатты кеште 10-сынып оқушысы Әбжан Қымбат «Адамзаттың Абайы» атанған ұлы ақынның туғанына 175 жыл толуына орай «Абай жолы» романынан үзіндіні жатқа оқып, көрермендер ықыласына бөленді. 9-сынып оқушысы Ақылжанов Рүстем, 7-сынып оқушысы Шаукат Зарина және 10-сынып оқушысы Мусаева Фатима және 5-сынып оқушысы Бейсенбек Рамазан Абайдың қара сөздері мен поэмаларын нақышына келтіре отырып, қазақша, орысша, ағылшын тілінде үзінділер оқыды.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Г.Жамансариева мен А.Кикбаева «Қазақ тілі сабағында мәтінмен жұмысты түрлендіру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» атты тақырыпта ұстазадар қаумымен коучинг өткізді.
сынып мұғалімі Такебаева Эльмира 1 «А» сынып оқушыларымен жаратылыстану мен сауат ашу пәндерін кіріктіре отырып «Б» дыбысы атты қызықты танымдық ашық сабақ өтті. Сабақта «Мен саған, сене маған» «Ойна да ойла» «Болжау стратегиясы» сынды әдіс-тәсілдерді ұтымды пайдаланды. Үй жағдайында бор жасау атты практикалық жұмысын ерекше атап өтуге болады. Оқушылар өте белсенді және өздерін түрлі қырынан танытып жатты.Сабақ өте қызық, әсерлі өтті.
Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Власенко О.Ф. 7-сынып оқушыларымен «Как отмечаеть Наурыз» және Мауленова С 5-сынып оушыларымен өткен «Волшебство музыки в творчестве К.Г.Паустовского» атты ашық сабақтарының сабақ құрылымдары мен дескрипторлары өте жақсы құрылған. Сабақ этаптарының бәрі қызықты әдістермен басталып отырды. Власенко О.Ф сабақ соңында топ командирлерімен өткізген сайысы өте қызық өтті.Қатысқан мұғалімдерге де сабақ тақырыбына сәйкессұрақ қойып, сыйлық берді
Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сарсекулова А. 11-сынып оқушыларымен «Абай и Пушкин» атты сыныптан тыс сабақ өттті. Оқушылар жұмыстарын постер түрінде қорғап, ұлы ақындардың өлеңдерін жатқа оқыды. Түрлі викториналық сұрақтарға жауап берді.
Информатика пәні мұғалімі Жүнісова Балжан «6 «А» сынып оқушыларымен « Информатика патшалығы» атты сыныптан тыс сабақ жүргізді. Сабақта ұялы телефон арқылы онлайн тапсырмаларды орындап, аннимациялық программаларды жасап шығарды.
Алимсейтова Бота 4 «Ә» сыныппен « Түс датчигі» ашық сабақ сабақ көрсетті. Оқушылар «Сәйкестендіру» арқылы тест тапсырмаларын орындады, постер қорғады. Компьютерде отырып, программа жасады. Датчиктердің түрлерін өте жақсы түсіндіріп, қызметтеріме таныстырды
Ағылшын тілі пәні мұғалімі Алимбекова Нұржамалдың 6-сынып оқушыларымен өткізген «Білім әлеміне саяхат» атты жарыс сабағы өте тартымды, қызықты әрі әсерлі өтілді. Оқушылар ағылшын тілінде жақсы сөйлейді. Жұмбақтар мен жаңылтпаштарды мүдірмей жарыса айтып, сайысты қыздырды. Жарыс соңында қазылық жасапотырған Шекербек Жанерке мен Зейнелова Айнұр жарыс қорытындысы бойынша 6 «Ә» СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ ҮЗДІК ДЕП ТАНЫЛЫП 1-ОРЫНДЫ ИЕЛЕНГЕНІН айтып өтті.Жарыс соңында екі топтың оқушыларына оқу-құралдары сыйлық ретінде табыс етілді.
Бастауыш сынып мұғалімдері А.Утеулиева мен Ж.Шораева «Қызықты математика» мен «Алтын ұрпақ » атт интеллектуалды-танымдық сайыс сабақтары өте қызықты өтті. Утеулиева Айжанның «Бес қадам» атты тәсілі топ командирлерінің мықтысын танытты. Шораева Жансая математикалық сандардан мәтін құратты
«Шабыт» шығармашыл топтың жетекшісі Кикбаева Ақерке онкүндіктегі атқарылған жұмыстарды сараптап, қорытындылай келе, кеш соңында үздік сабақ үлгілерін көрсеткен ,ұстаздарға жылы лебізін білдіріп, мотивация беру мақсатында естелік сыйлықтар табыстады