2025 жылдың 8 сәуір күні мектептің 8-11 сынып ұл балаларымен және сынып жетекшілермен Меркі АПБ ЖПҚб ЮПТ УПИ полиция аға лейтенанты А.Маңызқызы мен мектеп директоры А.Г.Муратова, ДҚТЖО Ж.Тленчиева «Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу», «Буллинг пен топтық төбелестің алдын алу» тақырыптарында жиналыс өткізді. Жиналысқа барлығы 85 ұл бала қатысты.


Жиналыс барысында мектеп директоры Г.Муратова ауданда болып жатқан қылмыс пен құқық бұзушылыққа тоқталып, білім алушыларға топтық төбелеске, бопсалау мен әлімжетік жасауға, сабақ кезінде көшеге, магазинге баруға, кешкісін сағат 22-00 ден кейін ата-ананың қарауынсыз, қадағалауынсыз көшеде, дүкендер мен ойын –сауық орталықтарыда жүруге болмайтындығын айтып, түсіндірме жұмысын жүргізді.


Меркі АПБ ЖПҚб ЮПТ УПИ полиция аға лейтенанты А.Маңызқызы кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасында белең алып жатқан топтық төбелестің алдын алу, бопсалау, буллинг, кибербуллинг, ұрлық, зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері мен түрлері туралы және суық қаруды, есірткі мен темекінің зияны туралы айтып өтті.


Сонымен қоса білім алушыларғы егер кәмелетке толмағандар арасында қылмыс тіркелген жағдайда, аса ауыр қылмыс-14 жастан, әкімшілік жауапкершілік -16 жастан басталатынын және де біреудің ашық түрде затын тартып алу 191 бабымен, ұрып-соғу, пышақпен яғни заңға қайшы заттармен қорқыту 192 бабымен, қорқытып ақшасын бопсалау 194 бабымен жазаланатындығын ескертіп, айтып өтті.


