21
апрель
2025
«Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу», «Бопсалау мен топтық төбелестің алдын алу» тақырыптарында жиналыс өткізді.
Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебінде 21 сәуір күні мектептің 5-11 сынып білім алушыларымен Меркі АПБ ЖПҚб ЮПТ УПИ полиция аға лейтенанты А.Маңызқызы мен ДТЖО Ж.Тленчиева «Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу», «Бопсалау мен топтық төбелестің алдын алу» тақырыптарында жиналыс өткізді. Жиналыс барысында ауданда болып жатқан қылмыс пен құқық бұзушылыққа тоқталып, білім алушыларға топтық төбелеске, бопсалау мен әлімжетік жасауға, сабақ кезінде көшеге, магазинге баруға, кешкісін сағат 22-00 ден кейін ата-ананың қарауынсыз, қадағалауынсыз жүруге болмайтындығын айтып, түсіндірме жұмысын жүргізді.
ҚР Қылмыстық Кодексi188-бабы.
Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
442-бап. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
127-бап. Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
435-бап. Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық баптарымен таныстырып, түсіндіріп өтті.



