Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебінде 5 мамыр күні АПБ ЖПҚб ЮПТ инспекторы полиция капитаны Касимов Б.Д. 8-11сыныптың білім алушыларымен «Құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу!», «Мереке күндеріндегі балалардың өмір қауіпсіздігі» тақырыбында кездесу ұйымдастырылып, түсіндірме жұмысын жүргізді.

Кездесу барысында оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау, кәмелет жасқа толмағандар арасында қылмыс пен құқық бұзушылыққа қарсы күрес бағытындағы ҚР Қылмыстық және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің нормаларын түсіндіріп, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруге болмайтындығы және шылымнан, алкогольдік ішімдіктерден аулақ болу туралы айтып, ұрлық, тонау, бопсалау, дене жарақатын келтіру сияқты қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілікке тартылатындығын түсіндіріп, толық мағлұмат беріп өтті.

7-9 мамыр мереке күндері оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ойын-сауық орталықтарына топтасып отырыс жасауға, тау бөктеріне шығып, отырыс жасауға, кешкісін отырыстар ұйымдастыруға тыйым салынатындығы ескертілді.

Сонымен қоса Балалардың өмір қауіпсіздігі, жол қауіпсіздігі бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 615 бабының 1 бөлігіне сәйкес жол ережесін сақтамаған жасөспірімдерге 16 жастан бастан әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығы және айыппұл салынатындығы туралы ескертіп өтті.

Кәмелетке толмаған білім алушылардың электр скутерлер мен электромопед құралдарын жол бойында айдап жүруге болмайтындығы туралы айтып, 127, 640, 620 – баптармен таныстырып, айдаған жағдайда ата-ана тарапына хаттама толтырылатындығы туралы ескертіп өтті.



