30
январь
2026
29 қаңтар күні 9-11 сынып білім алушылары арасында «ДосболLIKE» – буллингтің алдын алу бағдарламасы аясында «Буллингтен қорған!» жобасы бойынша «Жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылық, қысым көрсету әлімжеттік пен бопсалаудың алдын алу» тақырыбынд
Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебінде 29 қаңтар күні 9-11 сынып білім алушылары арасында «ДосболLIKE» – буллингтің алдын алу бағдарламасы аясында «Буллингтен қорған!» жобасы бойынша «Жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылық, қысым көрсету әлімжеттік пен бопсалаудың алдын алу» тақырыбында Меркі АПБ ЖПҚб ЮПТ УПИ полиция капитаны Е.Оспанбековпен кездесу өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылықтың, қысым көрсетудің, әлімжеттіктің алдын алу, оқушыларға буллингтің түрлері мен салдары туралы түсінік беру, өз құқықтарын қорғауға үйрету.
Кездесу барысында буллинг ұғымы, оның психологиялық және әлеуметтік зардаптары түсіндірілді. Оқушыларға қиын жағдайға тап болған кезде көмек сұрау жолдары, сенім білдіруге болатын тұлғалар туралы ақпарат берілді. Тақырыпқа байланысты өмірлік жағдаяттар талқыланып, оқушылардың белсенді қатысуымен пікір алмасу жүргізілді.Іс-шара соңында оқушыларға өзара сыйластықты сақтау, бір-біріне қолдау көрсету, зорлық-зомбылықтың кез келген түріне бейжай қарамау жөнінде қорытынды ұсыныстар айтылды.

