«Мұқағали-мәңгілік сағыныш» атты әдеби-сазды кеш болып өтті.
9.02.22 ақпан күні М.Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебінің акт залында 10-11-сынып оқушыларының қатысуымен және қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Кикбаева Ақеркенің ұйымдастыруымен ақиық ақын «Поэзия Хантәңірі» атанған ұлы ақын М.Мақатаевтың туған күніне орай «Мұқағали-мәңгілік сағыныш» атты әдеби-сазды кеш болып өтті. Кешті өткізудің негізгі мақсаты ақын өлеңдерін жатқа мәнерлеп, көркем оқу және ақынның сөзіне жазылған лирикалық өлеңдерді насихаттап, жастардың жүрегіне тереңінен жеткізу болып табылады.
Әдеби-сазды кеш шымылдығын Жеңісбек Ержалғас « Арыз жазып кетейін атты»лирикалық өлеңімен ашса, Арғыенбай Мейрамбек ақынның сирек оқылып жүрген «Мақтанбалық,жігіттер» атты өлеңін өте әсерлі оқыды.11-сынып оқушысы Жексенбі Дәулет ақын ағаның «Пай,пай, өмір!» атты философиялық өлеңін баяу дауыста тыңдарман оқырманға ой сала оқып шықты. 8-сынып оқушысы Жолшыбек Диас «Ей, бауырым» өлеңін жүрек тебіренте оқып шықты. Шатан Жансая және Шінәсіл Айымның өлеңдері өте жоғары деңгейде оқылды. Ақынның сөзіне жазылған «Есіңе мені алғайсың» атты сыршыл лиризм әнін Есенқұл Мирас тамаша орындап, қыздардың қосыла қимылдаған сұлу билері әннің көркін кіргізіп тұрды. Есенқұл Мирас пен Өксікбай Нұртайдың орындауындағы «Әлқисса» күйі ерекше шабытпен орындалды.
Екі топтан 3-оқушыдан шығып, ақынның өмірбаяны мен өмір сүрген қоғамы және шығармаларына байланысты интеллектуалды сайысқа түсті. Қатысушылар «Блиц-сұрақтар», «Суреттер сөйлейді» және күнделігінен естеліктер оқып, ақын өмірі туралы өз білім көрсетті