«Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі» семинар тренинг
Құқықтық тәрбие –құқық бұзушылықтың алдын алу айлығы барысында «Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі» семинар тренинг
Анықтамасы
Күні: 17.02.2022ж.
Түрі: Семинар тренинг
Қатысқандар: 6-8 сынып оқушылары
Әдіс тәсілдер: Ойын,сұрақ жауап.
Көрнекіліктер: А4, маркерлер, тренинг ережесі.
Тақырыбы: «Бала тәрбиесіндегі отбасыының рөлі»
Мақсаты: Ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынас,әке мен ананың тәрбие беру мақсатындағы рөлі.
Тренинг барысы:
Психолог: Амирова Ж.Сәлеметсіздер ме, балалар, қадірлі қонақтар! Қош келіпсіздер! Олай болса бүгінгі тренингімізді көңіл-күйімізді көтеруге арнайық. Адамның қарым-қатынасы оның көңіл-күйіне байланысты. Көңіл-күй – адамның ішкі дүниесінің құбылысы, көңіл-күй – адамның айнасы. Адамдармен қарым-қатынас жасау шеберлігі адамның ішкі мәдениетіне, біліміне, тәрбиесіне байланысты болады.
Ендеше қарым-қатынасқа түсу үшін шеңбер жасайық.
«Бір күнгі танысына, қырық күн сәлем» дегендей, біз бүгін бір-бірімізбен дәстүрден тыс амандасудың түрлерін көрсетейік.
Бір-біріне күлімсірей қарап алақанның ішін және сыртын тигізіп сәлемдесу.
Оң жақ, сол жақ тізелерін түйістіріп амандасу.
Оң жақ, сол жақ иықтарын тигізіп сәлемдесу.
Бастарын бір-біріне тигізіп сәлемдесу.
Енді бүгінгі мақсатымыз жүзеге асу үшін бірнеше ереже қабылдауымыз керек.
«Мен баламды құшқұаныма қуаныштымын» атты жаттығуы.
«Менің көңіл-күйім» жаттығуы..
«Мен күнмін» жаттығуы.
«Достық алақаны» жаттығуы.
«Мен баламды құшқаныма қуаныштымын» атты жаттығуы.
Психолог: Қазір мынадай тапсырманы орындайсыздар. Жаныңда тұрған анаңыз «Мен баламды құшқаныма қуаныштымын», «Ал сіз?» деп қолын созған анасы әрі қарай осы сөзді айтып, анасы баласына қолын созады. Осылай тізу арқылы бір-бірінің қолынан ұстайды.
Қызығушылықты ояту. (ойлану, топта талқылау)
«Жақсы көңіл-күй сыйлау», «Жақсы қарым-қатынаста болу» дегенді қалай түсінесің?
Енді барлығымыз алдымыздағы ақ қағазға көңіл-күйімізді түсіріп көрейік. Адам мен табиғат ұқсас, егіз ұғымдар. Әрқайсымыздың көңіл-күйіміз табиғат тәрізді бірде бұлттанады, бірде шайдай ашылады, бірде жауындатады, бірде түнереді және т.б.
Табиғат құбылыстарымен байланыстыра отырып, қағаз бетіне көңіл-күйімізді түсірейік. (Жайлы әуен қойылады) Оқушылар суретттерін көрсетіп, көңілсіз сурет салған оқушының көңілін көтеру қажет.
«Мен күнмін» жаттығуы.
Мақсаты: оқушының өз-өзіне сенімділігін арттыру, оқушылар арасындағы достық, өзара сыйластық сезімін дамыту.
Нұсқау: Күннің суретін салып, ортасына оқушы өз есімін жазады. Шашырап тұрған әр сәулеге бала өзінің жақсы қасиетін, жетістігін, өнерін жазады.
Өзіндік талдау жасау жаттығуы. «Мен кіммін?», «Мен қандаймын»
Психолог: Жазбаша үш сөйлемді жазып, ойларыңызды жалғастырыңыздар:
Мен ойлаймын, себебі мен …
Басқалар ойлайды, себебі …
Менің болғым келеді, себебі …
«Достық алақаны» жаттығуы.
Әр оқушы өз алақанын берілген қағазға түрлі-түсті маркермен салып, астына атын жазады да, орындықтарына қойып, қасындағы оқушының қағазына, яғни алақанның ішіне сол оқушыдан байқаған жақсы мінезін, қасиетін, тілегін жазып шеңбер бойынша жазып шығады. (Өз алақанына келгенше).
Қорытынды сөз: Адам денсаулығына жасы қарым-қатынастың әсері мол. Қасындағы адамдармен, туған -туыспен, достарыңмен, танысыңмен әрдайыммен жақсы қатынаста болған нағыз мейірімділіктің белгісі.
Халықта мынадай даналық сөз бар: «Адамдардың саған қалай қарағанын қаласаң, басқаларға да солай қара».