24
февраль
2022
«Тәрбие отбасынан басталады» тақырыбында ата-аналармен кездесу өткізілді.
«Құқықтық тәрбие-құқық бұзушылықтың алдын алу» айлығында «Тәрбие отбасынан басталады» тақырыбында ата-аналармен кездесу өткені туралы Анықтама
2021-2022 оқу жылының «Құқықтық тәрбие-құқық бұзушылықтың алдын алу» айлығында ақпан айының 24 күні әлеуметтік педагогтердің ұйымдастыруымен «Тәрбие отбасынан басталады» тақырыбында ата-аналармен кездесу өткізілді.
Мақсаты: Әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру. Баланың мейірімді, сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру;
Ата-аналармен өткізілген кездесуге 7-9 сынып оқушыларының ата-аналары қатысты. Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата - ана мен мектеп. Болашақ десек те, келешек десе де бала - ұрпақ деген мағынаны білдіреді.Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу.Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Осыған орай бүкіл ата - ана тәрбиеге бет бұруы керек екені айтылды. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата - аналар іс жүзінде дәлелдеп отырулары жайлы ата-аналарға түсіндірілді.Ата-аналар тақырып бойынша алған әсерлеріне өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді. Балаларды қадағалап үнемі назарда болатындарына сенім білдірді.Кездесуден алған әсерлерін ортаға салып ризашылығын білдірді

