«Язык лучший посредник для установления дружбы и согласия» тақырыбында айлықтың қорытынды кеші өтті.
Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 ЖОББ мектебінің орыс тілі мен әдебиеті,ағылшын тілі бірлестігінің ұйымдастырумен «Язык лучший посредник для установления дружбы и согласия» тақырыбында айлықтың қорытынды кеші өтті.
Мақсаты: айлық бойы өткен іс-шара орыс тілі,ағылшын тілдеріне деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қорытынды кеште оқушылар орыс тілде,ағылшын тілде тақпақтар айтып,орыс,ағылшын халықтарының биін билеп,қазақ ,орыс тілде Төлен Гүлім ән шырқап,9 а сынып оқушысы Өксікбай Нұртай орыс халық әнін домбыраның нақышына келтіріп,күй шертіп берді.Осынау айлықта жақсы біліммен,өнерімен,алғырлығымен көзге түскен оқушыларға мектепшілік марапаттаулар табыс етілді.
«Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте» -демекші білім алушылар айлыққа бар ынтасымен қатысты,тіл достықтың кепілі екендігін аңғартқандай болды.