Шабыт» шығармашыл ұстаздар бірлестігінің «Ұлт тірегі-білімді ұрпақ қолында,ізденіңдер білім алу жолында» атты тақырыпта 04.10.-24.10. қазан аралығында айлық іс-шара өтті
М.Жылысбаев атындағы №14 ЖОББМ «Шабыт» шығармашыл ұстаздар бірлестігінің
«Ұлт тірегі-білімді ұрпақ қолында,ізденіңдер білім алу жолында»
атты тақырыпта 04.10.-24.10. қазан аралығында айлық іс-шара өтті
М.Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебінде 4.10. күні «Шабыт» шығармашылығы бірлестігінің «Ұлт тірегі-білімді ұрпақ қолында,ізденіңдер білім алу жолында»
атты тақырыпта бірлестіктің салтанатты кештің ашылуы болды. Кеште жүргізушілер бірлестік жұмысының мақсатымен таныстырып өтті. Кеш шымылдығын Республикалық «Абай оқулары» байқауының 1-орын жүлдегері Құдайберген Хафиза Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Оқу» атты өлеңімен ашса,11-сынып оқушысы Арғынбай Мейрамбек М.Мақатаевтың «Жігіттер мақтанбалық,мақтанбалық» атты өлеңін тамаша орындады. 9-сынып оқушылары Оңласын Бекнұр мен Секербек Багдана ағылшын тілінде өлең оқыды. Орыс тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің мұғалімдері орыс халқының ұлттық әні «Частушканы» әзілді әнмен әдемі орындап шықса, 11-сынып оқушысы Есенқұл Мирас пен 9-сынып оқушысы Өксікбай Нұртай Құрманғазының күйі «Адайды» шебер орындап шықты. Кеш ортасында дарынды ұстаздар мен талантты шәкірттерге арналған видео көрсетілім көрсетілді. Кеш соңында мектеп директоры Ж.ЖМажибаев ұстаздар мен оқушыларға сәттілік тілеп кеш соңын қорытындылады.
Бастауыш сынып мұғалімі Тәкебаева Эльмира 4 а-сынып оқушыларымен «Жай және құрмалас сөйлем» тақырбында қазақ тілі пәнінен өткізген ашық сабағы өте жоғары, кәсіби деңгейде жақсы өтті. Ашық сабаққа қатысқан жас мамандарға арнаған әдісі де өте қызықты болды. Оқушылар сабақты түсініп, оқып жан-жақты дайындықтарын,біліктіліктерін және деңгейлерін көрсетті.
Шатаева Сымбат 4 а,ә,б сынып оқушыларымен «Зерде» атты интеллектуалды сайыс өткізді. Сайыс өте қызықты, тартымды әрі қызықты өтті. Сымбат сыныптан тыс іс-шараға 5-6 әдіс-тәсілдердің түрлерін көрсетті.