14
апрель
2022
«PISA- халықаралық зерттеуінің тапсырмаларының маңыздылығы неде ?» атты тақырыпта коучинг болып өтті.
М.Жылысбаев атындағы №14 жалпы білім беретін мектебінде «Шабыт» шығармашылық тобының жоспарына сай 14 сәуірде жас мамандар мен педагогтар арасында «PISA- халықаралық зерттеуінің тапсырмаларының маңыздылығы неде ?» атты тақырыпта коучинг болып өтті. Коучингті PISA зерттеуі бойынша жауапты ДҒӘІЖО Х.А Әсімқұл және бастауыш сынып мұғалімі А.Молдакулова өткізді. PISA- халықаралық зерттеуі барлық білім беру ұйымдарындағы 15 жастағы оқушылардың математика,жаратылыстану ,креативті ойлауды дамыту тәсілдері ,оқу сауаттылығынан мәтінді түсіну,пайдалану,бағалау,тұжырымдау және олармен жұмыс жасай білу қабілеттілігі бойынша тапсырмалар беріліп,оны өмірде қалай қолдана білу жолдары айтылды.