Онлайн - семинар бойынша рефлексивтік есеп » Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-46-39
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-46-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
апрель
2021

Онлайн - семинар бойынша рефлексивтік есеп

    20.04.2021ж. М.Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебінде «Білім мазмұнын жаңарту аясында оқыту мен оқудың жаңа жобалар мен әдіс-тәсілдермен тәжірибе алмасу» атты тақырыпта онлайн-семинар болып өтті. 

Семинардың мақсаты: Мектеп шеңберінде оқыту мен оқу тәжірибесіндегі өзгерістердің мұғалімнің кәсіби даму үдерісіне ықпалын арттыру, серіктес мктептермен кәсіби байланысты жалғастыру 

Семинарды М.Жылысбаев атындағы  №14 ЖОББМ директоры Мажибаев Жандар Жеңісбекұлы сөз сөйлеп ашып , семинардың жалпы бағытына қысқаша түсінік беріп өтті. Жетекші мектептердің үлестірушісі В.А.Қырғызбаева семинарға қатысушыларға сәттілік тілеп, барысы туралы баяндап өтті. Тәжірибелік бөлім бойынша Тараз қаласы ПШО филиалының аға менеджері Гульмира Балтабайқызы Тортаева «Қазіргі мектептегі тәлімгерлік» атты тақырыпта өте түсінікті, жан-жақты мағлұмат беріп, саралай түсіндіріп, талдау жүргізді. Директордың ғылыми –әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Әсімқұл Ханзира Аманғазықызы «Мектептің даму бағдарламасы бойынша жобалардың тиімділігі» деген тақырыпта баяндама жасап, слайд арқылы мақсат, міндеттерін жан-жақты қамтып, баяндап өтті. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Кикбаева Ақерке Еменкулқызы «TED X» форматы бойынша құрылған «Қауырсын қалам» атты жобаның жоспары мен құрылымы туралы айтып өтіп, мақсаты мен міндеттерін саралап, күтілетін нәтиже бойынша кеңінен айтып өтті. Тарих пәнінің мұғалімі Жүндібаева Алтынай Кулимбетқызы «Сақ патшайымы- Томирис» атты панорамалық сабақ түрін көрсетіп, Блум таксономиясы бойынша әдіс-тәсілдерге құрылған тапсырмалар жүйесін көрсетті.  Серіктес мектептер өздерінің кері байланысында  тиімді әдіс-тәсілдерге, жобалардың тиімділігіне көз жеткізіп,олардың  маңыздылығына тоқталып, өз ойларын ортаға салды. Педагогтардың жұмысына оң баға бере отырып, мұғалімдерге «Қол жеткізер жетістіктер мен алар асуларыңыз мол болсын!»- деген тілектер айтылды

   

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив