мұғалімдер шығармашылығы
2017-2018 оқу жылында «Мектепалды даярлықта білім берудің мазмұны мен сапасын арттырудың тиімді жолдары» тақырыбында аудандық семинар болып өтті
Білім беру және ғылым саласына елеулі өзгерістер енгізіп жатқан қазіргі кезеңде мектепалды даярлық тобы мен бастауыш білім беру ісін жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеті бүгінгі күннің көкейкесті мәселесі. Осы өзгерістер білім саласының алғашқы сатысы болып саналатын мектепалды даярлық тобы болашақ ұрпақтың дүниетанымын дамытуға, жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, сәбилік шақтан бастап толық жағдай жасауды, тәрбиелеу мен білім беруге аса жауапты қарауды басты міндет етіп қойып отыр.
Осыған орай Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы білім беретін мектебінде мектепалды даярлық сыныптарына арналған аудандық семинар өтті. Семинарға аудандық мектептерден 38 педагог қатысты.
Семинардың мақсаты – мектепалды даярлық сыныптарында білім берудің сапасын арттырудың тиімді жолдарына бағыт-бағдар беру.
Семинар аясында тренинг, баяндама, сюжетті рөлдік ойын және тәжірибелік сабақтар өткізілді. Атап айтсақ, тәрбиеші Молдакулова Б. «Ертегілер еліне саяхат. Г дыбысы мен әрпі», тәрбиеші Исекеева Г. «Жолда нені көреміз? Бүтін және бөліктер», ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Зейнелова А. «Му family» тақырыптарында сабақтар көрсетті.
Тәрбиеші Г. Исекееваның ұйымдастыруымен «Аурухана» тақырыбында сюжетті рөлдік ойынын тамашалап, Б. Молдакулованың «Жаңартылған білім мазмұны – заман талабы» тақырыбында баяндамасы тыңдалды.
Семинарға қатысушылар жаңартылған білім беру жағдайында оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін таңдау және инновациялық технологиялар арқылы білім берудің мазмұны мен сапасын арттырудың жолдарымен танысты.
Білім беру стандартының жаңалықтары, оқу жоспарының мазмұны, бағалау үлгісі және оқу материалдарын жаңарту сияқты тың мәселелер ортаға салынып, қатысушылар арасында қызу талқы тудырды.
Кері байланыс қорытындысы бойынша мұғалімдер семинардың практикалық маңыздылығын атап өтіп, өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.
|
|
|
|