Мұғалімдер шығармашылығы
Қазақстан Республикасындағы орта білім мазмұнын жаңарту, білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру туралы мұғалімдерге бағыт-бағдар беру мақсатында № 14 М. Жылысбаев атындағы орта мектебінде 14.11.2017ж «Жаңартылған білімге – жаңаша көзқарас »тақырыбы бойынша коучинг өтті. Коучингті мектеп тренерлері Г. Жамансариева мен Г.Сүлейманова жүргізді. Коучингте мұғалімдер топқа бөлініп, «Жиынтық бағалаудың ерекшеліктері», «Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша қолданыстағы оқу бағдарламаларының ерекшеліктері», «Қалыптастырушы бағалаудың ерекшеліктері» тақырыбында постер қорғады. Жаңартылған білім мазмұны бойынша мұғалімдер құнды мағлұматтар алды. Коучинг нәтижесінде мұғалімдер жаңа білім мазмұны туралы бағыт бағдар алды.