Мұғалімдер шығармашылығы » Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-46-39
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-46-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
июнь
2017

Мұғалімдер шығармашылығы

Жамансариева Гүлжан Абайдуллақызы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

(ІІ деңгей)

 

 

 

 

 

«Диалогтік  оқыту әдісі оқушыларды сыни ойлауға жетелей ме?» тақырыбы бойынша коучинг жоспары

 

 

   Г. Жамансариева            Ж.Тленчиева

Тақырыбы:

 

«Диалогтік  оқыту әдісі оқушыларды сыни ойлауға жетелей ме?»

 

Жалпы мақсат:

    Анықтамасын беру арқылы  диалогтік  оқыту  мен оқудағы іс-тәжірибені қолдануларына ықпал жасау, диалогтің маңызын ашу, сабаққа оқыту нысаны ретінде әңгімелесуді енгізу

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. 98-102 беттер

 Оқу нәтижесі

    Диалогтік оқыту мен оқудағы әдіс-тәсілдерді түсінеді, жаңа көзқарастар қалыптастырады,тәжірибесінде қолданады, оқыту мен оқудағы тілдің басты рөлін түсінеді.

     Мұғалімдер айтылым дағдысы арқылы сыни ойлауға жетелейтін әдістерді анықтайды.

 

Түйінді идеялар:

Диалогтік  оқыту тақырыбына сәйкес тапсырма беру.

Диалогтік оқытудың 3 түрі туралы деректер мен мәліметтер беру.

Сабақта қолданылатын материалдар:

 А- 3 парақтары, стикер, интербелсенді тақта, презентация, маркер, қалам.

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

ОүБ және оқуды бағалау

АКТ

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

 топтық жұмыс

Дерек көздері:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, қажетті ресурстар

Оқуға арналған тапсырма:

 

Мұғалімге арналған нұсқаулық. 98-102 беттер

 

 

Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:

 

Сабақтағы іс-әрекеттер

Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті

Топқа бөлу және топ ережесін құру

 (2 мин)

 

 

Орындыққа  1,2,3 сандарды жапсыру арқылы топқа бөлу

Сандар  арқылы  топқа бөлінеді.

Топ ережесін құрып, қабылдайды.

«Егіз баланың сөйлесуі» атты бейнеролик көру

(2 мин)

Бейнероликті көру арқылы коучингтің тақырыбын ашқызуға ой салу.

Бейнеролик арқылы коучинг тақырыбын табады.

 

«Айналмалы тәрелке» ойыны.

(5 мин)
<!-- [if !supportLineBreakNewLine] -->
<!-- [endif] -->

 

Сұрақ қою маңызды орын алатындықтан, «Айналмалы тәрелкеге» сұрақтар жазып келесі топқа береді. Жауабын жазып, кері қайтарады. Қойылған сұрақ пен жауапты өздеріне бағалату.

 Бүгінгі тақырыпқа байланысты ашық сұрақтар жазады. Жауабын екінші топ жазып, қайтадан бірінші топ мүшелері оқып береді. Қойылған сұрақ пен жауапты  бағалайды.

«Диалогтік оқыту» презентациясы

(5 мин)

Слайд арқылы диалогтық оқыту түрлеріне мағлұмат беру.

Мұғалімдер құнды мағлұматтар алады.

Суреттер арқылы диалог құрастыру

(10 мин)

3 топқа интербелсенді тақтадан диалогтік оқытудың түріне арналған суреттер көрсетіледі. Сол суреттер бойынша диалог құрастырту.

Көрсетілген суреттер бойынша рөлге бөлініп, диалог құрастыру.

Сергіту сәті

(5  мин)

 

«Жұпта арқамен сурет салу»

1,2 санына бөлініп,жұп болып орындалады.Біреуі айтады,екіншісі сурет салады.

«Алтын балық»

стратегиясы

6 минут

Әр топтан тәлімгер мен тәлім алушы болып екі мұғалім шығады.Теріс қарап отырған тәлімгер айтылым дағдысын дамытуда сын тұрғысынан ойлауға жетелейтін әдіс туралы айтады,ал тәлім алушы сол әдісті сабақ барысында қалай қолданатыны туралы айтады.

 

Жұппен жұмыс

«Ромб тәріздес жүйелеу» әдісі (ойлануға және талқылауға арналған топтық жұмыс)

8 минут

Топтарға әр түрлі әдістер беріледі.Сол әдістердің ішінен сыни ойлауға жетелейтін айтылым әдістерін теріп алады және «Ромб тәріздес жүйелеу» әдісі бойынша маңыздылығына қарай жоғарыдан төмен жүйелейді,талдайды.

Кофе таяқшалары, ЖИГСО, Елші,Апельсин, Тыңдап отырған үштік,Кезбе тілші,

 т.б.

Топтық жұмыс

Кері байланыс

(2 мин ) 

 

«Плюс, минус,қызықты»

 «Плюс»- оң әсер еткен фактілерді,алған білімдері жайлы жазады.

«Минус»-түсініксіз болып тұр,қолымнан келмей жатыр т.б.

«Қызықты»-өздеріне не қызықты болды соны жазады.

Рефлексия

     Сыни ойлайтын оқушыны қалыптастыруда диалогтік оқытудың маңызы зор екенін әріптестеріме түсіндіруді мақсат еттім. Әр топта тәжірибелі мұғалімдер мен жас мамандар болды.Барлық берілген тапсырма бойынша мұғалімдер белсене қатысты.

    Сабағымның сәтті өткен тұстары : бұл тақырыптың мұғалімдер үшін керекті де өзекті мәселе екендігі, әріптестерімнің топтағы жұмыстарды қызыға орындап ат салысуы.СТО бойынша 3 сурет берілді. Суретке қарап не көріп тұрғанын және өз ойларын еркін, сыни тұрғыдан ойлай отырып өз ойларын жеткізді.Теориядан алған білімдерін тапсырма барысында салыстыра отырып қорытынды жасағандары маған жақсы әсер етті. Атап айтсақ, «Айналмалы тәрелке», «Ромб тәріздес жүйелеу» әдістері  өте сәтті шықты. Топқа бөлуде, тақырыпқа сай сергіту сәтін ұйымдастыруда қызықтыра білдім. 

   Қазіргі таңда сыни тұрғыдан ойлана отырып,таза да мәнерлі, ойын толық жеткізе алатын оқушы тәрбиелеу керек,диалогтік оқытуда пәнге деген қызығушылықтары артады.

 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив