Мұғалімдер шығармашылығы
Әсімқұл Ханзира Аманғазықызы
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
(І деңгей)
«Оқу үшін бағалау-оқушылардың білім сапасын арттыруда қаншалықты маңызды?»тақырыбы бойынша коучинг жоспары
Тақырыбы: «Оқу үшін бағалау-оқушылардың білім сапасын арттыруда қаншалықты маңызды?»
Мақсаты: Оқу үдерісінде оқу үшін бағалау арқылы оқушылардың білім деңгейінің сапасын арттыру.
Күтілетін нәтижелер: Оқу үдерісінде бағалау критерийлері арқылы бағалау тәсілін түсініп,практикада жүйелі қолданады.
Ресурстар:түтікше, желім, ермексаз; маркер, желім, А-4 форматы
Әсімқұл Х.А. І деңгей; Сулейманова Г.У. І деңгей
Коучингтің кезеңдері
Коучтың іс-әрекеті
Уақыты
Коучинг барысындағы іс-әрекет
I кезең
«Жасырылған затты тап»тренингі .Сыртқа бір адамды шығарып конфетті жасырамыз. Конфетті табуға нұсқаулар беріледі:
1. Нақты нұсқау
2. Шатастыру
3. Талпынысын басу
4. Ешнәрсе айтпау Осы тренингтен түйген ойларын жұптарға талқылату.
Топқа бөлу.
Үш түрлі түсті қағазға найзағай жарқылы бейнеленген,онда сұрақтар жазылған.
«Ой шақыру»стратегиясы .
Ф. Решетниковтың «Тағы да екілік» суреті ұсынылады
5 минут
6 минут
Қызығушылықтары артады,психологиялық ахуалдары жақсарады.
Жұппен жұмыс
Сұрақтарға жауап беріп, түстер бойынша үш топқа бөлінеді.
1.Оқушыларға не үшін баға қоясыз?
2.Бағалау не үшін керек?
3.Нені бағалау керек? 4.Оқушыларды бағалаудың шынайы екеніне көзіңіз жете ме?
5. Сіз бағалаудың қандай түрін білесіз?
6. Бағалау критерийін құра аласыз ба?
Сурет бойынша сұрақтарға жауап беру арқылы коучингтің тақырыбын ашып,ой қозғап, пікірлерін айтады
II кезең
Мәтінмен жұмыс.Постер қорғау
Сергіту сәті «Қойыңды таңда»
12 минут
1- топ:Оқу үшін бағалау
2-топ: Оқуды бағалау
3-топ:Критериалды бағалау арқылы оқушы білімін бағалау.
Көздеріңізге бірінші түскен қойды тандап нәтижелерін көріңіз.
III кезең
1.Жөндеуден өткен жаңа кабинеттің жобасын салу
2.Өзара бағалау
3.Жасаған жұмыс бойынша бағалау критерийлерін жасау.
8 минут
2 минут
6 минут
Топ мүшелері өздеріне берілген тақырып бойынша салынған кабинет суретін қорғайды .
Екі топ"Екі жұлдыз,бір тілек "арқылы бір-бірін бағалайды.
Жасаған жұмыстары бойынша бағалау критерийлерін құрды:
1.Кабинеттің әдемілігі "1"
2.Жөндеуден өткен кабинетке ұқсауы "1"
3.Кабинеттің жабдықталуы "1"
4.Сапасы "2"
5.Кеткен шығыны "2"
6-7 балл-"5"
4-5 балл-"4"
1-3балл-"3"
IV кезең
Сабақ бойынша қалыптастырушы бағалау үшін кері байланыс
5 минут
"Үш бұрыш" пирамидасы не көрдім, не істедім, не сұрағым келеді?
Рефлексия
Бүгінгі өткізген коучингте қазіргі заманда білім саласындағы нағыз саясатқа айналған проблеманың бірі – бағалау мәселесіне тоқталдым. Өйткені оқушының білімін бағалау – оның оқуға деген ынтасының мүлдем жоғалуына немесе қызығушылығының оянуына бірден-бір себеп. Мұғалімнің басты міндеті – оқушының өзіне деген, өз күшіне деген сенімінің жоғалуына жол бермеу.
Тренинг өткізу арқылы мұғалімдерге «Оқу үдерісінде бағалаудың қандай түрлерін қолданып жүрсіздер ? Сабақта нені бағалайсыздар ? Ынтымақтастық орнату үшін қандай бағалауды қолданасыздар? Оқушыларыңыз сіздің бағалауыңызға толық келіседі ме, келіспеген жағдайда қандай әрекеттер жасайсыздар ? – деген сауалдар қойылды. Мұғалімдер өздерінің іс-тәжірибелерінде оқушыларды қалай бағалап жүргендерін айтып, ой бөлісті. Одан кейін Ф. Решетниковтың«Тағы да екілік» суреті көрсетілді. Суреттен көргендері туралы ой қозғап, пікірлерін ортаға салады. Сергіту сәті жүргізілді. « Өз-өзіңізді толық білесіз бе? Өзіңіз туралы шын мәліметті білгеніңіз артық болмас! Көзіңізге бірінші түскен қойды таңдап нәтижелерін көріңіз!»дей отырып,таңдаған қойлардың түстеріне қарай бойындағы мінездеріне әзіл-шыны аралас сипаттама берілді.Тақырыпты түсінікті болу үшін нақты тапсырма берілді. Келесі жылы мектебіміз күрделі жөндеуіне байланысты жаңа кабинеттің жобасын салу. Салынған кабинет суреті бойынша әр топ постерлерін қорғайтынын және әр топ бір-бірін бағалады. Бағалау себептерін түсіндірді. Содан кейін барлық топтар «бағаланған кабинет жобасы» бойынша өздері ортақ бағалау критерийін жасады. Критерий бойынша қайта бағаланды. Мұғалімдер тақырыпқа сай бағалау критерийін жасау керектігін ұғынды. Коучинг қызықты, әрі мағыналы өтті.