Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бірлестігі айлығының қорытындысы
4.10-26.10.2021ж. күндер аралығында мектепте «Жаратылыстану-ғылымдар әлемі» тақырыбында математика, информатика, физика,биология, химия, география пәндер бірлестігінің апталығы өтті. Апталық барысында мұғалімдер ұйымдастырған іс-шаралар заман табалына сай ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы өтіп, негізінен оқушылардың білім сапа көрсеткішінің деңгейін бақылау мақсатында сабақтар өткізілді. Осы жылы бірлестікпен жоспарланған ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді.
Бірлестіктің айлық жоспарымен таныстыру мақсатында алғашқы күні оқушылар жиыны өткізілді. Жиында атқарылатын жұмыстар әр сыныпқа бөлініп берілді, қабырға газеттері шығарылды. Жоспар бойынша жаратылыстану математикалық бағыттағы пәндерінен ашық сабақтар,сыныптан тыс сабақтар өткізілу жоспарланды.
Сабақтар жоспар бойынша «Математика әлемі» сайысы тақырыбында Бекжанов Ж.-математика пәнінің мұғалімі 8 сыныптарында сыныптан тыс сабақ өтті. Сабақта оқушыларға жеке тапсырмалар берілді. Сабақта компьютер мен интерактивті тақта толығымен қолданылды және тақырып бойынша видеороликтер көрсетіліп, әртүрлі тапсырмалар орындалды.Сабақ өз дәрежесінде өтті.
Информатика пәнінің мұғалімі Жүнісова Б.6а сыныбында «Информатика патшалығында» тақырыбында сыныптан тыс сабақ өтті.Сабақта түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана білді.
«Сымсыз желілер » тақырыбында ашық сабақты 5б сыныбында информатика пәнінің мұғалімі Алимсеитова Б. өткізді. Сабақ қазіргі заман талабына сай интерактивті тақтаны қолданумен өткізілді. Сабақ барысында тест сұрақтарын тиімді қолдана білді.
Математика пәнінің мұғалімі Ботабекова Гүлмира «Ойлы болсаң, озып көр» тақырыбында 5а,ә сыныптарымен сыныптан тыс сабақ өтті. Сонымен қатар математика пәнінің мұғалімі Бахытова Құндыз «Тапқыр болсаң, тауып көр» тақырыбында 9а,ә сыныптарымен сыныптан тыс сабақ өтті. Жас мамандар сабақты өз дәрежесінде қызықты етіп өтті.
6 сыныптарда математика пәнінен Сегізбаева Қ. «Ойнайық та, ойлайық» тақырыбында сыныптан тыс сабақ өткізді. Бұл сабақта оқушылардың сабаққа қатысу ерекшеліктері айқын байқалды. Олар сабаққа деген қызығушылықтарын көрсетті, сондықтан сабақ тартымды және қызықты өтті және 6ә сыныпта «Теріс және таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосу» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Математика пәнінің мұғалімі Батанқызы Нейла «Қарапайым тригонометриялық теңдеулер» тақырыбында 10ә сыныбында ашық сабақ өткізді.Сабақ өте жақсы деп бағаланды.
География пәнінің мұғалімі Қаратаева Роза «География әлеміне саяхат» тақырыбында 7 сыныпта сыныптан тыс сабақ және 9ә сыныбында «Қазақстанның минериалды ресурстардың таралу заңдылықтары» тақырыбында ашық сабақ, биология пәнінің мұғалімі Нүрсеитова Жұлдыз «Асқорыту мүшелерінің құрылысы» тақырыбында 8а сыныпта ашық сабақ және 8 сыныптар арасында «Биолог әлемі» тақырыбында сыныптан тыс сабақ өтті.
Химия пәнінің мұғалімі Амирова Биғайша «Қайтымды және қайтымсыз химиялық реакциялар » тақырыбында 9а сыныпта ашық сабақ өтті.
Өткізген сабақтарында сабақтың құрылымы мен оның түрі мен әдістеріне сай келуі дидактикалық негізін толықтыратын , сабақтың мазмұнының тереңдігі мен түсіндірудің мәнділігі, педогикалық жаңа технология элементерін қолдану барысында және электрондық оқу құралдарын қолдану нәтежесінде оқушылардың қызығушылығын ,білім дағдылары артты. Информатика пәні сабағында компьютермен жұмыс істеу арқылы оқушылардың қызығушылығы артатындығын байқауға болады. Оқушылардың пәнге қызығушылығын артырудың тағы бір жолы сабақтан тыс іс-шараларды мазмұнды ұйымдастыру.
Қорытындылай келе,айлық барысында белсенді қатысқан оқушылар марапатталды және мұғалімдер сабақтарын өз дәрежесінде өтті.