«Білім кілті - бастауышта» бастауыш сыныптар ӘБ-нің апталығы » Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-46-39
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-46-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Білім кілті - бастауышта» бастауыш сыныптар ӘБ-нің апталығы
12
ноябрь
2018

«Білім кілті - бастауышта» бастауыш сыныптар ӘБ-нің апталығы

«Білім  кілті  - бастауышта» атты 2018-2019 оқу жылындағы 15.10.-26.10.2018 аралығында өткен  «Бастауыш сыныптар ӘБ-нің апталығы»
 
Мақсаты: Жаңа әдістемелік технологияларды пайдаланып әр сабақта оқушыларға терең де тиянақты білім беру .
 
Бастауыш сыныптар  апталығының  өткізу принциптері: әр бала апталығының барлық оқиғаларының белсенді қатысушысы болып табылады.   
 
Апталық мектеп басшысы Мажибаев Ж.Ж. бекітуімен жоспарланып, 15.10.2018  салтанатты жиында ашылу рәсімімен басталды.
 

 

Жоспарланған ашық сабақтар, сыныптан  тыс  сағаттары,  бейнеленген стенд ұйымдастырылды. «Ең үздік қолөнер туындысы» тақырыбында сурет көрмесі ашылды, апта соңында қорытындысы шығарылды.  Жоспарланған 2 ашық сабақтың 2 – уі де өткізілді. Апталық аясында 4 сабақтан сыныптан тыс жұмыстар өткізілді. Күн сайын қызықты танымдық іс-шаралар өткізіліп, аптаның әр күні – «Білім» еліне саяхат болды.
 

 

Парзиева  Ж. 2 «А» сынып мұғалімі
Математика.  Тақырыбы: «Шамалармен амалдарды  орындау»
  

 

 

 


            Мұғалімнің сабақ жоспары әдістемелік талап тұрғысына сай  жоғары деңгейде  құрылған. Сабақ дамытушылық бағытқа құрылды. Оқушылардың ауызша есептеу дағдыларына көп көңіл бөлініп, математикалық терминдер меңгеріліп, қиындық туғызатын тапсырмалар орындауға көмек көрсетілді. Сабақта жаңа  ақпараттық технология негізінде әдіс-тәсілдер қолданылды. ҮІІ –ші кезеңде оқушылардың өздеріне сабаққа рефлексия жасатты. Өздік жұмыс, қабілетті және төмен деңгейдегі оқушылармен жеке жұмыс жүргізілді. Сабақ өз мақсатына жетті.Қабілеті төмен оқушылармен жұмыс жасауға көп көңіл бөле отырып, алған білімдерін тұрақтандыру үшін лайықты тапсырмаларды оңтайлы  бере алады.Оқушылар өз жауаптарын кесте арқылы есептеп, ұпайлары арқылы бағалады. Сабақта барлық оқушы сұралды. Бос отырған оқушы болған жоқ.
 
 
 
Баймаханбетова  З. 4 «Б» сынып мұғалімі
Математика.  Тақырыбы: «Көптаңбалы  санды  бір  таңбалы  санға  ауызша  көбейту және  бөлу  тәілдері »
Мұғалімнің сабақ жоспары әдістемелік талап тұрғысына сай  жоғары деңгейде  құрылған. Сабақта жаңа  ақпараттық технология негізінде әдіс-тәсілдер қолданылды. Өздік жұмыс, қабілетті оқушылармен жеке жұмыс жүргізілді. Қабілеті төмен оқушылармен жұмыс жасауға көп көңіл бөле отырып,алған білімдерін тұрақтандыру үшін лайықты тапсырмаларды оңтайлы  бере алады. Сабақ өз мақсатына жетті. Топ бірін-бірі , топ ішінде бағалар алды.
   
 
 
Сыныптан  тыс  жұмыстар 
 
Такебаева  Э. 4 «А» сынып  мұғалімі
Зияткерлік  ойын. «Дарабоз»
 
 
Утеулиева  А. 2 «Ә» сынып  мұғалімі
Зияткерлік  ойын:  «Кім  жылдам?»
     

 

 

 

 
Жоранова  А. 3 «Ә» сынып  мұғалімі
Зияткерлік  ойын: «ХХІ ғасыр  көшбасшысы».
 

 

 


Шораева  Ж. 1 «Ә» сынып  мұғалімі 
Қойылым: «Бауырсақ» ертігісі

 

 

        
«ХХІ ғасыр  көшбасшысы»  интеллектуалдық ойыны ерекше қызығушылық туғызды.  3 «А» - сынып оқушысы жеңімпаз атанды. 

 

Сондай-ақ, оқушыларымыз сөзжұмбақтар шешуді ұнатады, соған сәйкес «Сөзжұмбақтар» газетін шығарды.
 
Бастауыш сыныптар апталықтың өткізу бағдарламасы оқу әрекетінің түрлі әдістері мен тәсілдерін көрсетті. Саралауға арналған жұмыс түрлері ұжымдық және дербес жұмыспен бірігушілік танытты. Оқушыларлың ойлау қызметін белсенділендіру үшін көрнекі құралдар, ойындар, сайыстар, викториналар өткізілді.
          Пәндік апталығы оқушыларға өз шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік берді. Барлық ұстаздар апталық барысында жақсы ұйымдастырушылық қабілеттерін танытып, мерекелік шығармашыл орта құра білді. Оқушылар пәндер бойынша білімдерін көрсетіп, оны түрлі жағдаяттарда қолдана алу білігін, өзара көмектерін танытып, қиын сұрақтардың түрлі шешімдерін қарастырды.
       Бастауыш сыныптар апталығы шығармашыл, ынтымақшыл ортада өтті  және бастауыш сыныптар жұмысының нәтижелілігін көрсетті деп нық сеніммен айтуға болады. Апталықтың  соңында барлық оқушы дерлік Грамота мен Алғыс хатқа ие болды. Яғни, біз бастауыш сыныптар апталық алдына қойылған барлық міндеттерді шеше білдік деп айта аламыз.
Өткізілген  ашық сабақтардың жоспарлары,  арнаулы  папкада жинақталған.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив