15
октябрь
2019
«Қыз болашағы – ел болашағы». Республикалық онкүндік
«Қыз болашағы – ел болашағы». Республикалық онкүндік
2019-2020 оқу жылы
11 қазан – Халықаралық қыздар күніне орай 4-14 қазан аралығында «Қыз болашағы –ел болашағы » республикалық онкүндіктің жоспары бекітіліп, ашылу салтанаты өткізілді.
Мақсаты: Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани -адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту. Жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіздік пен азғындық жолға түспеуге тәрбиелеу.
Халықаралық қыздар күніне орай ұйымдастырылған онкүндік аясында 2019 жылғы 7 қазан күні мектеп медбиексі Ф. Казимованың ұйымдастыруымен «Ерте жастағы некенің қауіптері» атты тақырыпта 7-11 сынып ата-аналарымен ақпараттандыру жұмысы өткізілді.