02
октябрь
2019
"Әкелер бізде қонақта"
«Әкелер бізде қонақта» онкүндігінің іс-шаралар жоспары құрылып, бекітілді. Жоспар бойынша бала тәрбиесіндегі әке ролін арттыру мақсатында 1-4 сыныптарда «Мен және менің отбасым», 5-7 сыныптарда «Менің әкем ғажап жан», 8-11 сыныптарда «Әке жол ізгі жол» тақырыптарында өнеге сағаттары өткізілді. Балалар тәрбиесіндегі ынтымақтастықты арттыру мақсатында 8-11 сыныптарда «Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы» тақырыбында әкелермен кездесу сағаты өткізілді. Кездесу барысында отбасындағы әкенің ролі, әке мен баланың сыйластығы, қоғамдағы ер адамдардың ролі туралы оқушы жастарға мағлұматтар берілді. Қостоған ауылының тумасы, Ауған соғысының ардагері О.Бөсеев өзінің жастық шағынан бастап қазіргі таңға дейінгі өмір жолы туралы айтып берсе, Жаңатоған ауылдық округі ақсақалдар кеңесінің төрағасы А. Мамытов, әке мен ата тәрбиесінің маңызы зор екендігін, үлкеннің айтқанын тыңдау, оны екі етпеу керек екендігі туралы айтып өтті. Оқушылар Отан, отбасы, әке, сыйластық, үлкенге құрмет тақырыптарында өз ойларын ортаға салды. 2-4 сынып оқушылары арасында «Жан әкем-жан жүрегім» тақырыбында ашық хаттар жариялау іс-шарасы өткізілді. 2-4 сынып оқушылары өз қолдарымен жасаған: отбасы мүшелері, әкесі, анасы мен әкесі, табиғат аясындағы отбасы мүшелері бейнеленген құттықтау хаттары мен ашық хаттарын жариялады.