мерекелік іс-шара
№14 М. Жылысбаев атындағы орта мектебінде облыстық «Мектепке тағзым» акциясы аясында өткізілен «Менің өлкемнің беделді тұлғалары» тақырыбында кездесу өтті.
Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын ілгерілету. Оқушыларға туған өлкенің белгілі азаматтарын таныстыру. Оқушылар бойында патриоттық, мақтаныш сезімдерін ояту мақсатында 15 қараша күні мектептің 9-11 сынып оқушылары арасында Қостоған ауылының тумасы беделді кәсіпкер Болат Тоқтағанұлы Рахымбаевпен кездесу өткізілді. Іс-шара барысында Болат Тоқтағанұлы Рахымбаев өзінің өмір жолындағы қызметі мен жанұясы туралы оқушыларға баяндай отырып, кәсіпкерлік бағытындағы жұмыстары туралы айтып өтті. Оқушылар кәсіпкерлікті бастау, оның қиыншылықтары мен қызықтары туралы сұрақтар қойып қанағаттанарлық жауаптар алды. Іс шара барысында мектеп оқушыларының концерттік бағдарламасы қойылды. Өз кезегінде Болат Тоқтағанұлы өз аулының мектебіне жаңа жыл мерекесі қарсаңында жаңа жылдық шырша тарту етемін деп уәде етті. Еліміздің 30 дамыған мемлекеттердің құрамына енуі үшін жоғары мәдениетті болу қажет екендігін айта келе, мектеп ішінен оқушыларға арналған әжетхана бөлмесін жасап беретіндігін және оны 2018 жылдың 1 қыркүйегінен іске қосып беретіндігі туралы айтып, мектеп ұжымымен оқушылар қауымын қуантып өтті.