14
март
2025
«Жүрегі жырдан жаралған» – қазақтың көрнекті ақыны, Қазақстанның халық жазушысы Тұманбай Молдағалиевтің шығармашылығына арналған кітап көрмесі жасалды.
Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында «Жүрегі жырдан жаралған» – қазақтың көрнекті ақыны, Қазақстанның халық жазушысы Тұманбай Молдағалиевтің шығармашылығына арналған кітап көрмесі жасалды.Бұл көрме ақынның өмірі мен шығармашылығын насихаттауға бағытталған.
Көрменің мақсаты:
Тұманбай Молдағалиевтің әдеби мұрасын оқырмандарға кеңінен таныстыру;
Ақынның поэзиясындағы ұлттық рух пен адамгершілік құндылықтарды дәріптеу.Жастарды кітап оқуға, қазақ әдебиетін тереңірек зерттеуге ынталандыру.
Қатысқандар: 6 «Ә» сынып білім алушылары.
Ұйымдастырушы: кітапханашы