10
май
2021
"Назар аудар бағдаршам"
Мектепте 1-30 сәуір аралығында "Назар аудар бағдаршам" атты айлық акция өтті. Айлық барысында санитарлық талаптарды сақтай отырып, 1-11 сынып білім алушыларымен сынып жетекшілер "Жүргізуші және жаяу жүргінші", "Жол ережесін сақтау-өз қауіпсіздігіңді ойлау " тақырыптарында сынып сағаттарын өтті. ДҚТЖО Ж. ТЛЕНЧИЕВА мен мектеп инсректоры 5-8 сынып білім алушыларымен "Жол қауіпсіздік ережесі" тақырыбында кездесу, 1-4 сынып білім алушыларымен "Сіздің жолаушыңыз бала" тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сурет пәнінің мұғалімі
Н. Айбекова 1-6 сынып білім алушылары арасында "Жаяу жүргінші-назар аудар! " және "Жол ережесін сақтайық" тақырыптарында сурет, плакат байқауларын ұйымдастырды. Медбике
Ф. Казимова "Жолда жүру ережесінің қауіпсіздігі","Алғашқы медициналық көмек " тақырыптарында 1-11сынып білім алушыларымен әңгіме сағаттарын жүргізді. Психолог А. Қарнашова "Жол ережесін білейік" тақырыбында 5-6 сынып оқушыларымен тренинг жүргізді.