13
ноябрь
2021
Мектеп тарихы
Мектеп тарихы
Мектеп типі: орта, толық білімді мектеп. Салынған жылы 1968 жыл. 340 оқушыға арналған. Телефон: 2-46-17
Мектеп ауласы: Жалпы көлемі – 0,032км2.
1991 жылы мектепке қазақ халқының біртуар ұлы қоғам қайраткері Мақсұт Жылысбаевтың есімі берілді.
Мақсұт Жылысбаев 1894 жылы Әулиеата уезі. Меркі бөлімшесінің Аспара болысының №1 ауылында (қазіргі Қостоған ауылында дүниеге келген). Қоғам қайраткері. Меркідегі орыс-қазақ мектебінде бастауыш білім алып, Т.Рысқұловпен бірге Бішкектегі бағбандар даярлайтын училищеде оқыды. 1915 жылы оқуын бітірген соң Меркіде бөлімшелік агроном болып істейді. 1916 жылы халық көтерілісіне белсене қатысады. Т.Рысқұловпен бірге Меркіде қазақ жастарының революциялық одағын құрды. 1917-1918 жылдары ашаршылыққа ұшыраған жерлестеріне көмек ұйымдастыруда ерекше көзге түсті. 1937 жылы «Халық жауы» деген жаламен қамауға алынып, ОГПУ «үштігінің» шешімімен ату жазасына кесілді. М.Жылысбаевтың әйелі Әмина ұзақ жылдар бойы Ақмола «Алжир» лагерінде отырып шықты. Тараз қаласында Жылысбаевтың есімімен аталатын көше бар.
1930-1934 жылдары Талдықорған, Ақсу аудандарында және Меркі аудандық партия комитетінің І-хатшысы Т.Рысқұловтың көмегімен Ақсу, Меркі қант зауыттарын тұрғызды. 1991 жылы №14 Қостоған орта мектебіне қоғам қайраткері Мақсұт Жылысбаевтың есімі берілді.