«Қамқоршылық кеңесі» кезекті отырысы туралы ақпарат
«Қамқоршылық кеңесі» кезекті отырысы туралы ақпарат
М.Жылысбаев атындағы №14 жалпы білім беретін мектебінің акт залында Қамқоршылық кеңесінің жоспарлы отырысы болды.
Білім алушылардың қызығушылығына қарай жүргізілетін спорттық және көркем шығармашылық үйірмелер туралы, демеушілер тарпынан берілген көмектер және мұқтаж жандар арасында болу,әр түрлі мәселелер талқыланды. Мақсұт Жылысбаев атындағы № 14 жалпы орта білім беретін мектебінің 2023-2024 жаңа оқу жылында атқарылатын жұмыстардың жоспарлары бекітілді.
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығына Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 1 наурыздағы №56 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілгендігін және аталған бұйрық 2023 жылғы 31 наурызда ресми түрде жарияланып,бұйрық 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілгендігін хабарланды.
2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығыта барлық білім беру ұйымдарына бір ереже болатын,ал енді мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына,орта білім беру ұйымдарына,колледждерге,қосымша білім беру ұйымдарына,жетім балаларға арналған білім бері ұйымдарына арналған бес ереже бекітіліп отыр.
Осыған орай ережелермен мұқият танысып шығуларыңызды және қызмет атауларыныз қажет екендігі ескертілді.