"Жүрегі жомарт жандар" » Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-46-39
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-46-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
сентябрь
2020

"Жүрегі жомарт жандар"

   Қолыңнан келсе, жақсылық жасағанға не жетсін. Біздің қоғамда жандары жақсылық пен қайырымдылыққа жақын адамдардың жомарттығын айқындайтын қайырымдылық шараларының бірі – республикалық “Мектепке жол” акциясы .

Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы биыл жалғасын тауып өткізілуде. Акцияның мақсаты: оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету; баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу; жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады.

 Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің жыл сайынғы жалпы республикалық «Мектепке жол» акциясын ұйымдасқан түрде өткізуде.Көп балалы аз қамтылған отбасы балаларына қолдау көрсету және барлық мектеп жасындағы балаларды міндетті орта біліммен қамтамасыз ету үшін жалпыға бірдей білім беру айлығы мен «Мектепке жол» акциясы 2020 жылғы  1-тамыздан басталады   Биылғы оқу жылында «Мектепке жол» акциясы өз жалғасын тауып өтуде. Акцияның негізгі міндеті аз қамтылған отбасындағы оқушыларды оқу жылына дайындалуға және балалардың әлеуметтік жағдайлары бойынша мектепке бармауын алдын алуда жасалған шара.Олардың мектеп формасы,оқуға қажетті құралдары толықтай қамтылып,алаңсыз білім алуына жағдай жасау.

    М.Жылысбаев атындағы №14 жалпы білім беретін мектебінде Республикалық «Мектепке жол» акциясының өтуіне байланысты іс-шаралар жоспары құрылып, ақпараттық стенд безендіріліп ілінді.Көмекке зәру отбасы балаларына азды-көпті қол ұшын беру-әр адамның борышы. Бастама ізгілік мақсатын ұстанып, мектепте оқитын аз қамтамасыз етілген отбасының балалары мен көп балалы отбасыларына қайтарымсыз материалдық көмек көрсетуді көздеді. Бұл істе ұстаздарымыз белсенділік танытып,әркім өзінің жүрек қалауы бойынша қолынан келген көмегін көрсетті. Тұрмысы төмен отбасылары үшін мұндай жағдайда «Жыртық үйге тамшы ауыр» деген сөздің кері келеді де тұрады.«Мектепке жол» акциясының маңыздылығын түсінген қайырымды жандар бір теңге болса да мұқтаж жандарға беруге тырысып бағуда. Осындай көмек ұйымдастыру мақсатында қоғамдық бірлестіктер, мектеп әкімшілігі, ауыл азаматтары айырықша белсенділік танытты.Қайырымдылық шарасына өз еңбек ақыларынан үлес қосқан жандар үлкен көмек көрсетті. Осындай жүрегі жомарт жандар,   қайырымды азаматтарға   адамгершілік  ізгіліктеріне үлкен алғысымызды білдіреміз. Олар өз жалақысынан әр түрлі көлемде қаржылай көмек көрсетті.

Міне, жалғасын табатын «Мектепке жол» акциясы бұдан әрі   жалғаспақ.Акцияның жыл сайын өткізіліп дәстүрге айналуы қоғам тарапынан жасалып жатқан еліміздің болашағы баянды болуы үшін өскелең ұрпақты адами-рухани тәрбиелеу, қазақстандық балаларға көмек және қолдау көрсету жолының жалғасы болып табылады. Ел келешегінің тұтқасына ие болар жеткіншектеріміздің  мектепке барар жолының ашық та, даңғыл болғанына не жетсін!  


Таутенова Н.З

М.Жылыбаев атындағы

№14 жалпы білім беретін

мектебінің әлеуметтік   педагогы

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив