Қамқоршылық кеңесіндегі мектеп директорының есебі
№ 14 Мақсұт Жылысбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі
Қамқоршылық кеңес отырысында оқу тәрбие жұмысының жүргізілуі туралы мектеп директорының есеп беруі
Н.Ә.Назарбаевтың Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін маңыздысы оқыту үдерісіне казіргі заманга әдістемелер мен педагогтарды енгізіу. Сондайақ қазіргі заман талабына сай шебер мұғалім болу заман талабы болып тұрғанын тілге тірек. Сондықтанда жаңа фармадция мамандарын дамыту мен жетілдіруге міндетті мұғалімдердің кәсіби шеберлігін жетілдіру бағытында атқарылатын іс-шаралардың маңызы зор . Білім мазмұынын жаңартуда педагог кадырлардың кәсіби құзіреттілігін жетілдіру арқылы білім сапасын арттыру, сондай ақ, мектепте жұмыс жасап жатқан мұғалімдердің сапалық құрамына байланысты. Үш тілде білім беру заман талабы .екенін айтып,сертификатталған мұғалімдердің құрамы көбейгені дұрыс. Жаңа бағдарлама сапалы оқытудың тиімді тәсілі демекші, кәсіби мұғалімдерді дайындау үшін әдістемелік семинар,онлайн семинар,ашық есік күндері өткізіліп тұрды. Былтырғы оқу жылын 432 оқушымен, 23 сынып комплектісі және 2 даярлық тобымен аяқтадық. Мектептің білім сапасы 65,5% cапаны көрсетті.
2017-2018 оқу жылында 13оқушының 10 қатысып 9-ы жоғарғы оқу орындарының мемлекеттік гранттын жеңіп алып , қазіргі таңда жоғарғы оқу орындарында білім алуда. Ақылы жоғары оқу орнына 3 оқушы түсіп, мамандығы бойынша білім алуда.
Өткен оқу жылында 2017-2018 жылы біздің ұжым ҰБТ бойынша жақсы жетістікке қол жеткіздік,орташа бал 104 % құрады . Осындай жетістікке қол жеткізу тікелей мектеп ұжымының жаксы жұмысының нәтижесі деп айтуға болады. Кәсіби даярлық, қызметкерлерді қайта даярлау мен біліктілігін арттыру мақсатында мектепте. Жыл басында перспективалық жоспар жасалып, сол бойынша әр бес жылда кемінде бір рет біліктілігін арттыру үшін, курстарға жіберіп отырамыз.
Педагог кадрлардың «Тәжірбиедегі рефлексия» республикалық білім беру бағдарламасын іске асыру мақсатында мектепте деңгейлік курс бағдарламасынан өтпеген пән мұғалімдерінен топ құрылып, тізімдері бекітілді. Аталған курсты жүргізу мектеп тренері Г. Жамансариеваға міндеттелді. Курстан өткен мұғалімдерге алған білімдерін қолдану үшін жағдай жасалуда. Мектебімізде 5-интербелсенді тақта жұмыс істейді және АКТ қолдануға барлық мүмкіншіліктер бар. Жаңартылған білім мазмұны бойынша сабақтар өткізу үшін бастауыш сыныптарға тағы екі мултимедиялық құрылғы орнатылды.
Биылғы оқу жылы біздің мектеп үшін жеңісті де жемісті жыл болды. Мектебіміздің 21 оқушысы аудандық түрлі жарыстардың жеңімпаздары атанса, облыстық түрлі байқауларда 7 оқушы, Халықаралық және Республикалық байқауларда 28 оқушы және республикалық қашықтық байқауларында 49 оқушы түрлі номинациялар бойынша жеңімпаз атанды.
Сонымен бірге, мұғалімдерге арналған қашықтық байқауларында мектебіміздің 18 ұстазы жүлдегер атанды.
Мектеп ауласын көгалдандыру мен абаттандыру қолға алынды. Мектеп ауласын жаздық және күздік гүлдер мен түрлі шырша, ақ қайың, жеміс ағаштары отырғызылды. Есік алдына түнгі безендіруге арналған электір шамы қойылды. Мектеп ауласын көгалдандыру бойынша мектер арасында 3 орынға ие болдық.
Биылғы оқу жылын 453 оқушымен, 23 сынып комплектісімен және 3 даярлық топпен бастадық. Қызыл сай ауылды мекенінен 53 бала тасымалданып оқиды.
Сонымен қатар 2018-2019 оқу жылында №14 ЖББ мектебінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017жылдың 27 шілдедегы №355 бұйрығмен бекітілген білім беру ұйымдарында қамқоршылық жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларына сәйкес мектепте Қамқоршылық кеңесі құрылып бірқатар аумақты іс-шаралар атқарылғанын айтып өтті.Сондай-ақ мектепте биылғы оқу жылында оқушылар ыстық тамақпен қамту мақсатында «жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылармен тәрбиеленушілердің жекедеген санатына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну»мемлекеттік көрсетілген стандартына сәйкес әлеуметтік тұрмыс жағдайы төмен аз қамсыздандырылған,жетім,жартылай жетім отбасы балалары,көп балалы отбасы балалары яғни атаулы әлеуметтік көмек алатын 8 отбасынан 17 оқушы бір мезгіл мектеп асханасынан тегін ыстық тамақпен қамтылғанын.
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсетуге және әлеуметтік себептерге байланысты балалардың мектепке бармауының алдын алуға бағытталды. Мектепте акцияны ұйымдастыру және өту барысы туралы іс шаралар белгіленіп,жоспар құрылды . Мектепте акция барысында тұрғылықты орны бойынша тіркеудің бар жоғына қарамастан бекітілген аумақта тұратын 0-18 жасқа дейінгі балаларға көше аралау арқылы санақ жүргізіліп, деректер қоры қалыптастырылды.Мектепке дайындау кезінде қолдауға мұқтаж оқушыларды(аз қамтылған,көп балалы,ата-ананың қамқорлығынсыз қалған анықтау және 10 одан да көп күнтізбелік сабақтан қалдырған балаларды анықтау мақсатында рейдтер ұйымдастырылды.Акцияны насихаттайтын жарнама плакаттарын көрнекі жерлерге орналастырып демеушілер мен қарым қатынас орналастырылды. Акция барысында балалардың әлеуметтік жағдайларын ескере отырып ,және жеке көмек көрсетілді. аз қамтылған ,көп балалы және толық емес отбасынан шыққан 32 балаға көмек көрсетілді (мектеп формалары, оқу құралдары, спорттық және аяқ киімдер демеушілердің көмегімен. Акция қорытындысы бойынша қайрымдылық көрсеткен меценаттарға, демеушілерге құрмет, алғыс хатпен марапатталды .