14
апрель
2021
Асханадағы санитарлық талаптар
Асханадағы санитарлық талаптар
Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы білім беретін мектебінде бүкіл әлемдік пандемияға байланысты қашықтан және дәстүрлі оқыту форматы негізінде мектеп қабырғасындағы асхана жұмысы тоқтатылған болатын. Асхана мен білім беру обьектісінің қызметкерлері арасында СОVID-19-дың таралуына жол бермеу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 14 қаңтарындағы қаулысын басшылыққа ала отырып шектеу іс-шараларын оның ішінде карантинді енгізу кезінде білім беру ұйымдарындағы қоғамдық тамақтану міндеттерін орындаумен байланысты қолдарын жиі залалсыздандырып отырады. 2020-2021 оқу жылының ІҮ тоқсанын мектеп оқушылары дәстүрлі оқуына байланысты мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасы балаларына 2021 жылға бекітілген бюджет көлемінде бір мезгіл тегін ыстық тамақ және жеңілдетілген тамақтандырумен қамтамасыз етілуі ұйымдастырылды.Мектеп асханасы барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып,асхана жұмыскерлері және буфетке келушілер санитарлық талаптарды сақтауда.Мектеп асханасының жұмыс режимі мектеп әкімшілігінің келісімі бойынша асхана сыйымдылығының 30% қамтамасыз етеді.Тамақтану аяқталғаннан кейін(ағымдар арасында) асхана залын жинау және дезинфекциялау үшін 40 минуттық үзіліспен белгіленді.Барлық санитарлық талаптардың сақталуына мектеп әкімшілігі,мектеп медбикесі,асхана қызметкерлері және кезекші мұғалімдер қызмет жасап қадағалауда.