Бракераждық комиссия отырысының хаттамасы №2 » Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-46-39
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-46-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
март
2020

Бракераждық комиссия отырысының хаттамасы №2

М.Жылысбаев атындағы №14жалпы білім беретін мектебінің бракераждық комиссия отырысының
хаттамасы №2
25.12.2019ж
Қатысқандар: бракераж комиссия мүшелері

Күн тәртібінде:
1. КММ бойынша ІІ тоқсанда тегін ыстық тамақты ұйымдастырудағы тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізудегі комиссияның қорытындысы
2. Мектеп асханасының талапқа сай жұмыс жүргізуі

Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ә.Аманбаева білім алушылардың тегін ыстық тамақтануы туралы құрылған комиссия мүшелерінің тексерген қорытындысы туралы айтты.
Қараша және желтоқсан айларында алты күннен бір мезгіл ыстық тамақпен 140 бала қамтылды. Тексеру барысында тамақ өнімдерінің және дайын тағамдардың сақталу мерзімін мектеп медбикесі Ф Казимова қадағалап тексеріп ,арнайы бракераж журналына жазып отырады. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы №611 бұйрығымен бекітілген білім беру обьектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиялық талаптарға сай санитариялық қағидаларына сәйкестігі қаралды.Тексеру барысында перспективалық ас мәзірі жасалған.Аспазшы Ж.Мұхаева өзіне тиісті міндеттерді орындайды. Білім алушылардың тұтынуына рұқсат етілмейтін тағамдарды сатпайды және тұтынбайды.Ата-аналарға арналған бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылған білім алушыларға беріліп отырған тамақ сапасын бағалау мақсатында «Ашық есік» күні белгіленгенін айтты.
Екінші мәселе бойынша мектеп асханасының талапқа сай жұмыс жүргізілуі туралы әлеуметтік педагог Н.Таутенова сөз алды. Ағымдағы оқу жылының
І тоқсанында аз қамтылған атаулы әлеуметтік көмек алатын 70 отбасынан 141 бала бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылған болатын, ІІ тоқсанда бір оқушының басқа ауданға ауысып кетуіне байланысты бір мезгіл тегін ыстық тамақпен 69 отбасынан 140 бала қамтылғанын айтты. Жалпы асхананың санитарлық жағдайы,азпазшының сырт киім үлгісі барлық санитарлық талапқа сай екендігі туралы айтып өтті.

Шешімі:
1.Мектеп асханасында аз қамтылған атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасының балаларының тамақтануы медбике,сынып жетекшілер мен әлеуметтік педагог тарапынан қадағалансын.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив