Оқушыларды тамақтандыру
Оқушылардың бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылуы туралы анықтама.
Қазіргі заманғы мектеп оқушыларының өсуіндегі жоғары жылдамдық пен ақпараттық ақыл-ой жүктемесінің күн санап артуы олардың ағзасына тамақ арқылы тағамдық заттектердің жеткілікті мөлшерде түсіп отыруын талап етеді.
Мектеп оқушыларының құнарлы тамақтануы – мектеп оқу бағдарламаларын жақсы меңгеру сапасын анықтайтын, өскелең ұрпақтың денсаулығының негізін қалайтын білім беру үрдісінің негізгі элементі болып табылады.
Сондықтан, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығына 6 қосымша «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес біздің мектебімізде биылғы оқу жылында тегін тамақ ішетін оқушылардың санаттарына жататын оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету жұмыстары ұйымдастырылды. Жыл басында оқушыларды жекелеген санаттарына қарай бөлініп аз қамтамасыз етілген, жартылай жетім және көп балалы отбасылардың тізімі жасалынды. Жоспар бойынша 2018-2019 оқу жылына зерделеу барысында жекелеген санаттары бойынша аз қамтылған мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын 8 отбасы оның ішінде17 бала , тұл жетім отбасы анықталған жоқ, тегін және жеңілдетілген тамақтандырумен қамтамасыз етілетін білім алушылар мен тәрбиеленушілер анықталған жоқ.
Мектепте қазіргі таңда 453 соның ішінде 3оқушы үйде оқытылады, 17оқушы тегін ыстық тамақ ішеді стандарт бойынша. Ата-аналардың ұсынысымен 433оқушы ата-ана есебінен күніне 200 тенгеден тамақтанады.
Қазан айының сегізінде аз қамтылған атаулы әлеуметтік көмек алатын 17 оқушының 2-уі басқа мектепке аусып кетті. Қазіргі таңда 7 отбасы оның ішінде 15 бала тегін тамақтанады.
Қыркүйек айында осы 17 бала аз қамтамасыз етілген 13 күн тегін тамақ ішті.
Қазан айында 15 бала аз қамтамасыз етілген 20 күн тегін тамақ ішті.
Мектеп әкімшілігі тарапынан асхана жұмысын тексеру комиссиясы құрылды.
Асханада ас мәзірі мен оқушылардың тамақтану кестесі, сынып жетекшілердің кезекшілік кестесі бар.
Оқушыларды тамақтандыру 2 ауысымда жүзеге асырылады. I ауысымда 3 сабақтан соң . II ауысымда 2 сабақтан соң.
Психолог тарапынан оқушылар арасында асханадағы сапалы тағамдар туралы сауалнамалар алынып тұрады.
Медбике тарапынан оқушылар арасында «Дұрыс тамақтана білеміз бе?» деген тақырыпта әңгіме, үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі.
Оқу жылының басында мектепте ата-ана есебінен және тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету туралы мектеп директорының № 161 бұйрығы шықты. Осы бұйрық негізінде тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу комиссия құрылды. Комиссия құрамына 5 адам кіреді.Және де мектеп оқушыларын ата-ана есебінен ыстық тамақпен қамту жоспары жасалынып, сол бағытта жұмыстар атқарылуда.Комиссия мүшелері тоқсан бойы тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізіп қадағалап отырды.