Ыстық тамақ.
Асханадағы санитарлық талаптар
Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебінде 2021-2022 оқу жылын дәстүрлі оқыту форматында болатындықтан мектеп қабырғасындағы асхана жұмысын жандандыра бастады. Асхана мен білім беру обьектісінің қызметкерлері арасында СОVID-19-дың таралуына жол бермеу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 14 қаңтарындағы қаулысын басшылыққа ала отырып шектеу іс-шараларын оның ішінде карантинді енгізу кезінде білім беру ұйымдарындағы қоғамдық тамақтану міндеттерін орындаумен байланысты қолдарын жиі залалсыздандырып отырады. 2021-2022 оқу жылының мектеп оқушылары дәстүрлі оқуына байланысты мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасы балаларына 2021 жылға бекітілген бюджет көлемінде бір мезгіл тегін ыстық тамақ және жеңілдетілген тамақтандырумен қамтамасыз етілуі ұйымдастырылды.Мектеп асханасы барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып,асхана жұмыскерлері және буфетке келушілер санитарлық талаптарды сақтауға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Мектеп асханасының жұмыс режимі мектеп әкімшілігінің келісімі бойынша асхана сыйымдылығының 30% қамтамасыз етеді.Тамақтану аяқталғаннан кейін(ағымдар арасында) асхана залын жинау және дезинфекциялау үшін 40 минуттық үзіліспен белгіленді.Барлық санитарлық талаптардың сақталуына мектеп әкімшілігі,мектеп медбикесі,асхана қызметкерлері және кезекші мұғалімдер қызмет жасап қадағалайды.