«Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі»
«Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі»
М. Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебінде мектеп асханасының санитарлық жағдайы, асхананың жалпы тазалығы, ыдыс аяқтардың тазалығы, азық-түлік сақтайтын қоймалар, қайнату, азық –түліктердің сақталуы мен тұтыну мерзімі талапқа сай. Шикізаттың жеткілікті қолданылуы, дайын асты оқушыларға таратуға болатыны мен сапасы туралы бракераждық журнал уақытылы толтырылған. Бекітілген мәзір бойынша дайын ас көлемінің тамақ әзірлігі азықтардың дұрыс салынуы мен дайын ас шығымы өз деңгейінде. Тәуліктік сынама алу мен сақталу қамтамасыз етілген. Аспазшылардың сырт киімі талапқа сай. Асханада дұрыс тамақтануға байланысты стендтер ілінген. Күнделікті және апталық ас мәзірі тексеріліп,қадағаланып отырады.Карантин шаралары қатаң сақталуда.
Мектеп медбикесі Ф.Казимова «Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі» тақырыбында мектеп оқушылары арасында дәріс оқыды.Слайдтар көрсетіліп, сонымен қатар жаднамалар таратылды.
Мақсаты: оқушылардың өз пікірлерін тыңдай отырып,қосымша мәліметтер бере отырып, денсаулық құндылығы, дұрыс тамақтану туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. Денсаулықты күтуге, дұрыс тамақтана білуге үйрету.
Онда оқушыларға:
-Тамақтану сауаттылығының бес негізі.
-Денсаулықты сақтаудың басты қағидалары.
-Дұрыс тамақтанудың он кеңесі.
-Тағамды ластандыратын бактерияларды жұқтырмау шаралары.
-Зиянды тамақтар жөнінде мектеп медбикесі толық ақпарат беріп, дұрыс тамақтану қағидаларын жүргізді. Оқушыларда берілген жаднама бойынша өз ойларын ортаға салып пікір алмасты.